Жетім баланың қамқоршылары жәрдемақыға өтінішті онлайн бере алады

89 қаралу саны

eGov.kz порталында жетім балаларды асырап-бағуға жәрдемақы тағайындауға электронды өтініш беруге болады, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.

Қызметті алу үшін пайдаланушы «Отбасы» бөлімінің «Қамқоршылық, қорғаншылық, қолдау» бөлігінде «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланы асырап-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау» қызметін таңдауы керек.

Содан кейін өзіңіз туралы мәліметтерді және жәрдемақы келіп түсетін банктік шотты енгізіңіз. Сосын бала туралы мәліметтерді көрсетіп, электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) өтінішке қол қою қажет. Өтініште баланың табысы туралы ақпарат, яғни мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді, алименттерді, баланың мүлкінен табуға болатын кіріс туралы мәліметтерді көрсету қажет.

Егер сұраныс сәтті орындалса, жәрдемақы тағайындау туралы шешім пайдаланушының жеке кабинетіне 1 жұмыс күні ішінде келіп түседі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған