Жазда қандай косметикалық шараларды жасауға болмайды?

26 қаралу саны

Жазда теріге ультракүлгін сәуле белсенді әсер етеді. Ол – зақымдаушы фактор. Одан терінің беткі қабаты – эпидермис қана қорғай алады. Сондықтан бұл мезгілде эпидермисті жоюға байланысты шараларды (пилинг және тері ағарту шараларын) жасауға болмайды.

Ағарту шараларын жасау үшін қыркүйек пен наурыз айларының аралығы қолайлы. Егер жазда жасайтын болсаңыз, керісінше әсерге соқтырып, беттегі дақтар көбейіп кетуі мүмкін.

Сонымен қатар бетті тазалау шараларынан бас тарту керек. Өйткені, одан кейін тері саңылаулары бірнеше күн ашық қалады. Егер ашық тері саңылауларына шаң түссе, безеу шығуы мүмкін. Бетті қыста тазартқан жөн. Жазда аптасына бір рет  тазартушы скраб пайдалануға немесе моншаға баруға болады. 

Жазда ісіктерді – папилломаларды, қалдарды, кератомаларды, тамыр «жұлдызшаларын» алдыруға болмайды. Алынған қал орнында күннің әсерінен дақ қалады. Жазда сондай-ақ бет маскаларын абайлап жасау керек: лимон, қияр, құлпынай, т.б. өнімдерде көкөніс қышқылдары бар, олар теріні ағартады. Сондықтан осы маскаларды жасаған соң 1-2 күн күнге қыздырынуға болмайды, өйткені теріге дақ түсуі мүмкін.

Дереккөз: «Денсаулық» журналы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған