Жастар арасындағы суицидті қалай азайтуға болады?

32 қаралу саны

Психолог мамандар жастар арасында суицидтің алдын алудың бірыңғай ұлттық бағдарламасын құруды ұсынды. Бағдарлама аясында балалар мен жастарды қорғау мәселелерімен айналысатын ұйымдардың жұмыстарына салыстырмалы талдау жүргізілуі тиіс. Әрі мектеп пен колледждердегі психолог мамандардың біліктілігін арттырып, оларды өзге жұмыстармен жүктемей нақты жасөспірімдердің мәселесімен айналысуға мүмкіндік беру керек.

Осыған орай, психолог Алексей Ли арнайы оқу-әдістемелік құрал әзірлегенін жеткізді. Оқулық:

  • суицидтік белгілерді ерте анықтауды;
  • қол салуға итермелейтін ойлар мен сезімдерді ерте тануды;
  • баланың проблемасына ерте араласуды не маман көмегіне қалай жүгінуді;
  • ықтимал суицидтің ерте алдын алып, көмек көрсетуге үйретеді.

«Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» қоғамдық қоры суицид мәселесін шешу үшін төмендегідей ұсыныстарын жеткізді:

  • Жастардың суицидтік мінез-құлқына бағытталған арнайы емдеу хаттамасын әзірлеуге және суицидтердің алдын алудың бірыңғай хаттамасын әзірлеуге бастамашылық ету қажет.
  • Суицид проблемасына тартылған барлық мамандар үшін күш біріктіруге және қайталанатын суицидтердің санын азайтуға көмектесетін бірыңғай іс-қимыл алгоритмін әзірлеу керек.
  • Жастар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мақсатында жасөспірімдерге психолог мамандардың, сенім телефонының көмегімен тегін кеңес алу мүмкіндігі бар екенін кеңінен хабардар ету қажет.
  • Жалғыздық, қажетсіздік пен немқұрайлылық сезімдерінен арылту үшін жастарды ұжымдық қызметке тарту керек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған