Жас балалар арасында артық салмақ пен семіздіктің алдын алу мәселесі талқыланды

121 қаралу саны

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында «Жас балалар арасында артық салмақ пен семіздіктің алдын алу бойынша ЮНИСЕФ-тің бірлескен бағдарламасын іске асыруда қоғамдық денсаулық сақтау қызметін нығайту» тақырыбында online режимінде жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының 2018-2020 жылдарға арналған «Балалар, жасөспірімдер және отбасы үшін теңдік және инклюзия» және «Балаларға мейірімді әлеуметтік орта» жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.
Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өкілінің орынбасары Вероника Ващенко және ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Дамир Көбжасаров кездесудің маңыздылығын атап өтті.

Балалар арасында артық салмақ пен семіздік көрсеткіштерінің артуы Қазақстанда үлкен проблема болып отыр, бұл соңғы жылдары балалардың денсаулығына төнетін қауіп-қатердің өсуіне әсер етеді. Тамақтану мәселесі бойынша өткізілген жалпыұлттық сауалнама Қазақстандағы әрбір төртінші бала артық салмақтан зардап шегетінін көрсетті.

2020 жылы тамақтану бойынша ҚДСҰО мен Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің бірлескен бағдарламасының күтілетін нәтижелері:

1. Бала туғаннан 6 айға дейін тек қана кеуде сүтімен емізуді күшейтуге және 6 айдан 36 айға дейін қосымша тамақтандыруды енгізуге бағытталған балалар арасында семіздік пен артық салмақтың алдын алу жөніндегі стратегияны әзірлеу және енгізу;

2. Еліміздегі балалардың тамақтану жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізу мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірыңғай ақпараттық жүйесіне тамақтану индикаторларын енгізу;

3. Медициналық колледждер мен университеттердің білім беру бағдарламаларына 2020 жылдың соңына қарай жас балалардың тамақтануын мониторингілеу бойынша оқу модульдерін интеграциялау және мамандар үшін әзірленген СОП көмегімен 0-3 жас аралығындағы балалардың ата-аналары мен қамқоршыларына тек қана кеудемен емізу және 6 айдан бастап қосымша тамақтандыруды енгізу жөнінде консультация жасау арқылы балалар арасында семіздіктің алдын алу мақсатында денсаулық сақтау қызметкерлерінің, оның ішінде сәби жастағы балалар ауруларын интеграциялау жүйесі үйлестірушілерінің, ЖТД және патронажды жүзеге асыратын мейірбикелердің әлеуетін нығайту.

Дереккөз: ҚР ДСМ ҰҚДСО сайты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған