Жақсы көңіл-күй үшін 10 кеңес

75 қаралу саны

Егер бойыңызды қай-қайдағы уайым мен мазасыз ойлар билеп алып, еңсеңіз түсе бастаса, сол күйі езіліп жата бермей, онан арылудың жолдарын қарастырыңыз.

  1. Көңіл-күйіңіз үнемі көтеріңкі жүрсін десеңіз, өзіңізді бақылап үйреніңіз. Болар-болмас нәрсеге өкпелемеңіз, жақын адамдарыңызбен ерегіспеуге тырысыңыз, оларды кешіре біліңіз. Кешірімді болсаңыз сіз күйретудің алғашқы себепкері – кекшілдіктен құтыласыз.
  2. Әлемге жеңіл әзілмен қарап  көріңіз. Егер сізді біреу ренжітсе немесе сіз басқа да бір ауыр жағдайға душар болсаңыз бәрібір сіз оны күлкімен жеңуге тырысыңыз. Басыңызда «бәрі де өтеді, кетеді» деген ой тұруы керек. Жақсылыққа сенген сайын жаман ойлар мен жамандық та жоғалады.
  3. Үйде отырып алып бүкіл әлемге өкпелемеңіз. Көшеде, достар мен таныстар арасында көңіл-күй төмен болмайтынына  күдіктенбеңіз. Бұл дәлелденген!
  4. Өз өміріңізге жаңалықтар енгізуге тырысыңыз. Психологтар күн өткен сайын киім кию стилін, өзіңіздің сүйіп істейтін тірлігіңізді – хоббиіңізді, үйдегі жиһаздарыңызды өзгертіп отырсаңыз, көңіл-күйіңіз де өзгеріп, жаңалыққа қарай бұрыла бастайды дейді. Өмірдегі әрбір жаңалық пен өзгеріс адамды өмір сүруге құлшындыра түседі.
  5. Босаңсуды үйренгеніңіз жөн. Өзіңізге ұнамайтын жұмыспен айналысып жатсаңыз да тек қана жақсы нәрселерді ойлаңыз. Мысалы, алда достарыңызбен немесе сүйікті адамыңызбен кездесетініңізді еске алып, көңіл-күйіңізді сол жаққа аударғаныңыз дұрыс.  Хош иісті шам туралы ұмытпаңыз. Эфир майы көңіл-күйіңіз бен ішкі дүниеңізге жақсы әсер етеді, мандарин, апельсин, лимон, грейфрут, бергамот өте пайдалы.
  6. Суда жүзумен айналысыңыз. Су дененің тынығуына, босаңсуына әсер етеді. Көңіл-күй мен күш-қуатты арттырады.
  7. Тоқтап, жан-жағыңызға қараңыз… Батыстың адамдары кейде ойлануға да уақыттары болмай,  қай бағытқа кетіп бара жатқандарын аңғармай да қалады екен. Сіз үй-ішін  уақтылы жинап, тазалап тұруға дағдыланғаныңыз сияқты ойыңызды,  мақсатыңызды, байланысыңызды  да үнемі реттеп отырғаныңыз абзал.
  8. Өмірге қарапайым көзқараспен қарауға тырысыңыз. Өмірде ерлікке де орын бар, дегенмен бәрі ойлағаныңыздай бола бермейді. Сондықтан дәл осы минутта өзіңіз не істеп отырғаныңызды  есіңізге алыңыз.  Мұның өзі сізді табысқа бастайды. Кішкентай табысыңыз бен жетістігіңіз болса – оған да қуана біліңіз.
  9. Болашаққа деген сенімді жоғалтпаңыз. Өмір деген қозғалыс, бүгін қайғылы жағдай болып жатса, ертең қуанышпен  қауышып  жататыныңыз сөзсіз.
  10. Егер көңіл-күйіңіз болмай біраз уақыт төсекте жата тұруды ұйғарсаңыз – сары уайымға батқаныңыз. Онан да қимыл-қозғалысқа бет бұрыңыз, үй-ішін жинастырыңыз, фильм көріңіз. Мұның өзі көңіл-күйіңізді  өзгертіп, күйзелістен құтылуыңызға ықпал етеді.

Дереккөз: «Денсаулық» журналы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған