Жұптың арасына жік салатын 20 кесапат

76 қаралу саны

Шынайы өмірдегі махаббат кітап пен кинодағыдай емес. Ол тек романтикалық кездесулерден ғана құралмайды. Бақытты отбасы – өзара түсіністік пен сыйластыққа негізделген еңбек. Алайда бәрін бүлдіру оп-оңай. Сонымен назарларыңызға жұбайлардың шырқын бұзатын 20 себепті ұсынып отырмыз.

1. Бірін-бірі өзгертуге ұмтылу.

Мінсіз адам болмайды. Бірақ кісінің әдеттері мен мінез ерекшеліктерін шатастырмаған жөн. Адам бойында қанша кінәласаң да өзгермейтін нәрселер болады.

2. Ата-анамен қарым-қатынас.

Егер жұбайыңыздың ата-анасымен жақсы қарым-қатынаста болсаңыз, тіптен  жақсы. Алайда келінін не күйеубаласын өз баласындай жақсы көретін ата-ана сирек. Бұндай жағдайда олармен мүмкіндігінше жылы қарым-қатынаста болуға тырысыңыз.

3. Ұялы телефон.

Техника дамыған қазіргі заманда ғаламтор мен ұялы телефон адамдардың қарым-қатынасын салқындатып отыр. Жұбайымызбен шүйіркелесетін уақытты біз ғаламторда отырып, телефонмен сөйлесумен, SMS жолдаумен өткіземіз. Сондықтан жан жарыңыздан қымбат ешкімнің жоқ екендігін ұмытпағайсыз.

4. Жұрттың көзінше ұрысып, кінә тағу.

Қоғамдық орындарда, көпшіліктің көзінше ешқашан ұрысушы болмаңыздар. Мәселені екеуіңіз жеке қалғанда ғана шешіңіз.

5. Жанжал.

Бір-біріңізге тіл тигізбеңіз. Өз ренішіңізді жұбайыңыздан жоғары қоймаңыз.

6. Үнсіздік.

Ешкім сіздің ойыңызды оқи алмайды. Тіпті сүйетін адамыңыз да. Қандай да бір түйткіл бар ма? Бір нәрсе ұнамай ма? Айтыңыз. Жақсы да, жаман да эмоцияны сыртқа шығару – психологиялық саулық кепілі.

7. Кешіру.

Қателеспейтін адам болмайды. Сіздің де қалт кететін сәттеріңіз болады. Сүйген адамыңызды кешіре біліңіз. Ренішті іште сақтамаңыз, жинамаңыз. Бұл күйзелістен сақтайды.

8. Қолайсыз уақыт, қолайсыз жер.

Маңызды мәселелерді қолайсыз жерде, қолайсыз уақытта талқылауға болмайды (мысалы, жұбайыңыз жұмыстан шаршап келгенде). Бұны кейінге қалдырғаныңыз жөн.

9. Қаражат.

Отбасы қаражатына ерлі-зайыптылардың екеуінің де үлес қосқаны жөн. Ұсақ-түйекке шүйлікпей, негізгі нәрселерді алдын-ала келісіп алыңыздар.

10. «Түймедей нәрсені түйедей ету»

Ұсақ-түйек үшін ұрыса бермеңіз. Оған күш жұмсағанша, дүкенге нан алуға бірге барып, серуендеп қайтыңыздар.  

11. Аңду.

Махаббат сенімге негізделеді. Жұбыңызға сеніңіз. Оның да жеке кеңістігі болуы керек. Оны сыйлаңыз. Телефонындағы SMS-тарды оқымаңыз, электронды поштасын қарамаңыз, қалталарын тінтпеңіз. Бұның бәрі қарым-қатынасты ушықтыра түседі.   

12. Қызғаныш.

Қызғаныш сезімінен еркек те, әйел де зардап шегеді: бірі күдіктен іші күйсе, екіншісі өзіне деген сенімнің жоқтығынан қиналады. Қызғаныш тудыратын жағдайлардан аулақ жүріңіз, өзіңіз де қызғанбаңыз.

13. Тартымдылық.

Қашанда сымбатыңыз бен сұлулығыңызды сақтаңыз: дене шынықтырумен шұғылданыңыз, шашыңыз бен бет-әлпетіңізді күтіңіз. Бір сөзбен айтқанда, қашанда жарыңыз үшін тартымды болыңыз.

14. Салыстыру.

Оны үнемі бұрынғы ғашықтарыңызбен салыстыра берсеңіз, қарым-қатынастарыңыздың быт-шыты шығуы ғажап емес.

15. 24 сағат бойы бірге болу.

Жұбайыңызбен жабысып қалмаңыз. Керісінше, қаншалықты аз көріссеңіздер,  кездесулер соншалықты ыстық болмақ.

16. Өтірік айту. 

Өтірік су секілді ең мықты деген үйдің іргесін шірітіп, шайқалтуы мүмкін.

17. Өз-өзіңді алдау.

Кейде біз жұбымызға өтірік айтқандықтан емес, өз-өзімізді алдаусыратқандықтан қарым-қатынстарымызды бұзамыз.

18. Өз-өзіне деген сенімсіздік.

Сіздің өзіңізге деген сеніміңіз қаншалықты төмен болған сайын, жұбыңыз да өзін соншалықты осал сезінеді. Ол «мен өзі дұрыс адамды таңдадым ба?» деп ойлауы мүмкін.

19. Мақсаттар. 

Әрі қарай не болмақ? Біздің қарым-қатынасымыз неге алып келеді? Жұбыңыздың мақсаттары сіздің мақсаттарыңызға сай ма, соны нақты білуіңіз керек. Егер әлі отбасын құрмаған болсаңыздар және жұбыңыз оны ойлап та жүрмесе, онымен қатынасты доғарудан қорықпаңыз.

20. Махаббатты бағаламау.

Махаббатты өзінен-өзі беріле салатын нәрсе деп қабылдамаңыз. Ол – тағдырдың сыйы. Жұбыңызға сезімдері үшін ризашылық білдіріңіз.

Дереккөз: «Денсаулық» журналы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған