Жүрегі ауыратын адамдар үшін коронавирус қаншалықты қауіпті?

172 қаралу саны

Коронавирус – өте қауіпті инфекция. Дені сау адамның өзінің жағдайын қиындатып жібереді. Жүрегі ауыратын адамдарда белгілі бір өзгерістер болатыны анық. Коронавирус туралы сөз қоғағанда көбінде өкпе туралы айтамыз. Алайда, ол тек қана өкпе емес, тұтас жүйелі бұзылыстарға әкелуі мүмкін. Инфекция өкпенің альвеоласындағы альвеоцит клеткаларын зақымдайды. Кез-келген ағзаға тамырлар оттегі тасымалдайды. Бұл вирус барлық тамырлардың, артериялардың ішкі қабаты – эндотелийді зақымдайды. Көбінде шетелдік ғалыми зерттеулер бойынша, паталогоанатом мамандардың көрсеткіші бойынша вирус қанды бірден қоюландырады. Зақымданған қан тамырларына қан жиналады. Қан қоюланады. Онсыз да вирус қанның формалық элементтеріне әсер еткендіктен қабыну басталады. Қанның коагуляциялық белсенділігін арттырып жібереді. Иммундық қабыну процесі бір органның болмаса, тұтастай жүйелі болуы мүмкін. Осының әсерінен микро, макротромбоз деген тромбтар пайда болады. Ірі тромбтар жылжып барып, миға, жүрекке баратын тамырларды бітеуі мүмкін. Өкпе артериясы екіге бөлінеді. Түгелдей емес, бір бұтағын бітесе, өкпе инфаркті болады. Бүкіл артерияны бітесе, бірден өліп кетуі мүмкін. Осыған адамдар мән беруі керек. Әрі дәрігер кеңесін тыңдау керек.

Амбулаториялық жағдайда антикоагулянттық препараттарды тәулігіне 1 рет қана қолдануға болады. Алайда науқасқа антикоагулянтты 1-ақ рет қолдану жеткіліксіз болатын жағдайлар бар. Ондай ауруларды стационарға жатқызу керек. Интернеттен оқып алып, өзін өзі емдеумен айналысуға болмайды. Білместікпен өліп кетуі мүмкін. Мысалы, әлеуметтік желіде адамдар бір-біріне «Клексан», «Ксарелто» сияқты дәрілерді пәлен дозада іштім деп кеңес беріп жатады. Амбулаториялық жағдайда бұл препараттарды күніне 1 рет 03-0,4 деген дозада қолдануға болады. Одан басқа доза дәрігердің бақылауымен берілуі керек. Сондай-ақ, науқастың сатурация, оксиенация индексі, коагулограмма деген көрсеткіштері де бақылауда болуы керек.

Жазылып шыққан адам 45 күн үйінде жатуы керек. Қытай вирусолог-эпидемиологтарының зерттеулеріне сүйенетін болсақ, ауырып емделiп шыққан адамдардың 50%-ке жуығы 45 күнге дейін коронавирусты тасымалдаушы ретінде жұқтыруы мүмкін. Қазір коронавирустың жаңа штаммына қарсы вакцина жоқ. Коронавирусқа арналған арнайы дәрі-дәрмектер де жоқ. Дегенмен, еліміздегі коронавирус жұқтырып қатты науқастанғандарға әлемдік тәжірибелерден құралған стандарттар бойынша ем жасалынып, оң нәтижеге жеткен жетістіктер де аз емес. Қазір COVID-19 вакцинасын тапқанмен, оған эксперименттік-клиникалық зерттеулер жасауға кем дегенде бір жарым жыл уақыт керек. Ондай уақытта коронавирустың жаңа мутацияланған түрлері де пайда болып, COVID-19 вакцинасы керек болмай қалуы да мүмкін. Кейбiреулер «мен коронавирус жұққан соң ауырдым. Одан емделiп сауықтым. Ендi менде коронавируске қарсы антитела бар. Маған ендi коронавирус жұқпайды. Мен маска тақпаймын, басқаларға менен жұқса жұға берсiн» деген эгоистік көзқарасты ұстанады. Олар 45-50 күнге дейiн оқшауланып, маска тағып жүруі керек. Ол адамда КВИ-дiң 1-2 штаммасына ғана антитела болуы мүмкiн. Дәл сен сияқты басқа бiреу саған да КВИ-дiң сенде антителасы жоқ басқа штаммасын (мутацияға ұшыраған басқа түрiн) жұқтыратын болса одан адам аман қалмайды! Өйткенi КВИ-мен ауырып жазылғандардың өкпесi фиброздық өзгерiске ұшырайды. Фиброз деген қалпына келмейді. Яғни, өкпесі 70 пайыз зақымданған адам былайша айтқанда, өмірінің соңына дейін қалған 30 пайызбен өмір сүруіне тура келеді. Өкпе тканi неше процент фиброзға ұшыраса, сонша процент өкпе тканi iстен шығады. Ал сау қалған жерiн коронавирустың мутацияланған жаңа түрi зақымдайтын болса, одан аман қалу мүмкiн емес! Бұл жерде донорлық өкпе іздеуден басқа амал қалмайды.

Дәуренбек НЫСАНОВ, PhD докторы, кардиохирург.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған