Зейнетақы қорындағы қаражатының бір бөлігін алатын 3 cанатқа кімдер кіреді?

47 қаралу саны

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің  айтуынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаржысының бір бөлігін мына азаматтар ала алады:

  1. Зейнетақы қорында жинағы бар, жұмыс істеп жүрген азаматтар (жинағы жеткілікті мөлшер шегінен асқан жағдайда). Қазір Қазақстанда мұндай 529,7 мың азамат бар. Зейнетақы қорында жиналған қаражаттың негізгі мақсаты – азаматтарды зейнет жасына жеткен кезде қаржымен қамтамасыз ету. Сол себепті, зейнетақы қорындағы жинақты түгелімен алуға болмайды, қаржының бір бөлігі міндетті түрде қорда қалуы тиіс.
  2. БЖЗҚ-да жинағы бар, зейнет жасына жеткен кісілер қордағы қаражатының 50 пайызына дейін пайдалана алады. Қазір Қазақстанда 178,4 мың зейнеткердің жинағын пайдалануға мүмкіндігі бар. Бұл санатқа құқық қорғау саласының зейнеткерлері де кіреді. Бұл санаттағы азаматтардың мемлекеттен алып отырған зейнетақысы, базалық зейнетақы және БЖЗҚ алып отырған төлемдерді қосқан кезде оның зейнетке шыққан кездегі табысының кемінде 40 пайызынан төмен болмауы керек. Қазір Қазақстанда бұл көрсеткіш 63 пайызға жетіп отыр.
  3. Зейнетақылық аннуитетті рәсімдеген және сақтандыру қорына аударғаннан кейін БЖЗҚ-да жинағы қалған азаматтар (шамамен 13,3 мың адам).

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған