Ыстықты қайтаратын 8 түрлі азық

56 қаралу саны

1. Бал. Денедегі ыстықты қайтаратын денсаулыққа пайдалы азықтық. Таңертең орнынан тұра сала жылы суға балды езіп ішсе, «көктемгі беймазалықтан» арылып, көңілділік бағыштайды. Ыстығың асып, ернің кеберсіп немесе жарылса, балды қолдануға болады. Ұйықтардан бұрын балды ерінге жағып әбден сіңген соң ерін бояуышты жақса болғаны, бірнеше күннен кейін ерін жұмсарып, жылтырап қалпына келеді.

2. Сиыр сүті. Сиыр сүтінің қоректігі мол болып қалмастан ыстықты қайтарады, ондағы 70% мөлшеріндегі су құрамы адамның тер бөліп шығарғандағы сарып болған су құрамын толықтайды.

3. Бұршақ. Бұршақта белок мол болып, ыстықты айдаумен бірге, құрамында изофлавон, төмен бірікпелі қанттар, фосфорлы май, күрделі белок қышқылы мол болудан сырт, бұршақтың құрамындағы талшық холестерин мөлшерін төмендетумен бірге, үлкен дәретті жүргізіп, теріңізді жақсартып жылтыратады.

4. Помидор. Бір жылдың 4 маусымында табылатын көкөніс, қоректік құны жоғары, сонымен бірге, ыстықты айдап, уды қайтаратын тамаша азықтық, сонымен бірге ол бауырдың ыстығын айдайды.

5. Алмұрт. Көктем кезіндегі беймазалық дегеніміз көктемдегі құрғақ ауа райы, төмен температура себебінен ыстық асуды меңзейді, бұл жеміс–жидек пен көкөніс мөлшері жеткіліксіз екендігін білдіреді, алмұрт көпшілікке таныс, ыстықты басатын жеміс, сондықтан көптеп алмұрт жегеніңіз жөн.

6. Көк балдыр. Көк балдыр суықтық қасиетке ие көкөніс, ол ыстықты айдап, уды қайтарады, ал балдыркөктегі көп мөлшердегі талшық құрамы асқазан–ішекті қозғалысқа келтіріп, үлкен дәретті жүргізіп, уды қайтаруға пайдалы.

7. Лобы. Халық арасында лобыны «кіші мергия» деп атайды, мұндай айтудың өзіндік ерекшелігі бар, лобының қоректік құны жٶғары болып қалмастан, ыстық асудың алдын алады. Үнемі ыстығы асатын адамдар лобыны жесе, ыстықты айдайды, мұнда ыстықты айдауға келгенде, көк лобы ең жақсы болып табылады.

8. Жасыл бұршақ. Жасыл бұршақ ыстықты айдап, денедегі уытты қайтарады, көптеген адамдар жаздікүні жасыл бұршақ сорпасын ішуді ұнатады, ал басқа қыс мезгіліндеде ішсе, ыстықты қайтару өнімі жақсы болады.

Дереккөз: Фейсбуктегі «Пайдалы кеңестер» парақшасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған