Уақытша сақтандыру мәртебесі туралы сұраққа – жауап

64 қаралу саны

Сұрақ: Уақытша сақтандыру мәртебесі тағайындалғаннан кейін жеңілдігі бар азаматтар санаты бойынша тұрақты сақтандыру мәртебесін қалай алуға болады?

Жауап: Уақытша мәртебе тағайындалғаннан кейін, бір ай ішінде жандандыру өте маңызды. Ол үшін:

1. Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер тіркелген жеріндегі медициналық ұйымға жүкті әйел ретінде есепке тұру керек.

2. Қазақстан Республикасының аумағында күндізгі бөлімде оқитын студенттерге жеңілдігі бар азаматтар санатына кіру үшін Жоғарғы оқу орнына хабарласып, Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесіне тіркелу керек.

3. Шетелдік Жоғары оқу орындарының студенттері тұрақты сақтандыру мәртебесін алу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (байланыс телефондары:+7(7172) 74 15 33, 74 21 75, 74 24 27) Білім беруді сандық түрлендіру департаментіне хабарласуы керек.

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған