Тыныш ұйқы – сапалы әрі толыққанды өмір сүру үшін өте маңызды фактор

91 қаралу саны

Тыныш ұйқы сапалы әрі толыққанды өмір сүру үшін өте маңызды фактор болып табылады, дегенмен қазіргі заман ырғағында кейбір адамдар ұйықтай алмай қиналуы мүмкін. Сізге ұйқының тыныш әрі сапалы болуына көмектесетін бірнеше кеңестер дайындадық.

  • Күн тәртібін сақтаңыз — аптаның күніне қарамастан бір уақытта тұрып, бір уақытта ұйықтаңыз;
  • Кешкі асты ұйықтар алдында 2-3 сағат бұрын ішіңіз;
  • Дене шынықтырумен айналысыңыз (ұйықтар алдында 90 минут бұрын);
  • Келесі күнге тізім құрып, киімдеріңізді алдын ала дайындап қойыңыз. Осылайша артық ойдан арылып, сабырға келесіз;
  • Ұйықтар алдында серуендеңіз;
  • Ұйықтар алдында терезе ашып, бөлменің ауасын тазартыңыз;
  • Ұйықтар алдында жылы душ қабылдаңыз. Ауыр күннен кейін жүйкеңізді тыныштандырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған