Туберкулез – жұқпалы, ұзақ уақыт емдеуді қажет ететін ауру

17 қаралу саны

Туберкулез – жұқпалы, өте кең таралған ауру, ұзақ уақыт емдеуді қажет етеді. Бүгінгі таңда туберкулезді медицина ғылымының жетістіктерінің арқасында емдеуге болады. Бірақ, туберкулез жойылмайды, сонымен қатар, жаңа штаммдардың пайда болуына байланысты (яғни, ескі микробтың жаңа түрлері) қайтадан қауіпті және әлеуметтік маңызды ауруға айналды.

Адамның жасы неғұрлым үлкен болса, оның туберкулезбен ауырып қалу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Профилактикалық іс-шаралар және халықтың алдын алу шаралары туралы хабардар болуы сырқаттанушылық санын орта есеппен 2 есеге төмендетуге көмектеседі.

Барлық алдын алу шаралары туберкулездің таралуын болдырмау үшін инфекцияны немесе ауруды дер кезінде анықтауға бағытталған. Тегін жүргізілетін туберкулезге қарсы алдын алу шаралары:

  • ағзаға туберкулездің әлсіреген микробактерияларын енгізуге әдісіне негізделген БЦЖ вакцинациясын немесе ревакцинациясын жүргізу арқылы иммунитетті көтеру;
  • туберкулезді флюорографиялық зерттеу және Манту реакциясы әдісімен ерте анықтау.

Адамдар, өз кезегінде, келесі ережелерді сақтауы керек :

  • жылына кемінде бір рет тұрақты флюорографиялық тексеруден өту;
  • медициналық қызметкердің ұсынысы бойынша баланы туберкулезге қарсы уақтылы вакцинациялауды және ревакцинациялауды қамтамасыз ету;
  • дұрыс тамақтану және тұрақты физикалық белсенділікпен салауатты өмір салтын ұстану;
  • дәрумендермен және микроэлементтерге бай құнарлы азық-түлік өнімдерін тұтыну;
  • жеке гигиена ережелерін, тұрғын үй мен жұмыс орнының тазалығын сақтауды ұмытпау;
  • темекі шегуді және алкогольді ішімдіктерді ішуді доғару. Кез-келген жағымсыз тәуелділік иммундық жүйені әлсіретеді және ауруға шалдығу қаупін арттырады;
  • ағзаңызда туберкулез ауруының белгілері болса немесе күдіктенсеңіз, дереу дәрігерден кеңес алуыңыз керек.

Жоғарыда көрсетілген ережелердің барлығын сақтау туберкулез ауруынан сақтануға көмектеседі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған