Темекіні қыздыру жүйесі (ТҚЖ) әдеттегі темекіден қауіпсіз бе?

17 қаралу саны

Оны қолданған кезде адам ағзасына көптеген ауыр металл, формалин, акролеин және басқа заттар түседі. Лоуренс атындағы ұлттық зертхананың (Беркли, 2016) ғалымдары стик құрамындағы пропиленгликоль мен глицериннің жоғары температурада өзара әрекеттесуі кезінде улы заттар бөлінетінін анықтады. Мұндай өнімдердің құрамында ТҚЖ-ге қатты тәуелділікті тудыратын никотин бар.

ТҚЖ көмегімен темекіні тастауға бола ма?

Физиологиялық тұрғыдан алғанда, ТҚЖ темекі шегуден бас тартуға ықпал етпейді. Стиктерде әдеттегі темекі сияқты бірдей концентрацияда никотин болады. Сондықтан тәуелділік арта береді.

«Қазіргі күні дәстүрлі темекі өнімдеріне қарағанда ТҚЖ зияны аз екендігіне айғақ жоқ» дейді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының инфекциялық емес аурулардың алдын алу бөлімінің маманы Аслан Гучияев. Темекі компаниялары қаржыландыратын кейбір зерттеулерде стандартты темекімен салыстырғанда, мұндай өнімдердегі зиянды немесе ықтимал зиянды құрамдастарының көлемі мен әсер ету күші едәуір аз екендігі айтылған. Алайда бұл химиялық заттардың әсер етуінің төмендеуі адамдарға төнетін қауіптің азаюына әкелетіні туралы ешқандай дәлел жоқ.

Дереккөз: ҚР ДСМ ҰҚДСО Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған