Тегін тест қандай жағдайда жасалады?

92 қаралу саны

Жедел жәрдем шақыру кезінде ПТР-тестке талдау алу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде ақысыз жүзеге асырылады.

Мұндай қызмет көрсетудің барлық негізделген жағдайлары (Сovid-19 күдікті, сондай-ақ ЖРВИ немесе пневмония белгілері бар адамдарға эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тестілеу) медициналық ұйымдарға міндетті әлеуметтік сақтандыру қорымен төленетін болады.

Зертханаларда, сондай-ақ ТМККК және МӘМС шеңберінде зерттеулерді орындауға шарт жасалған жекеменшік зертханаларда зерттеу жүргізу үшін жолдаманы өз учаскелік терапевтіңізге жүгініп ала аласыз.

Жеке зертханалар сондай-ақ өздері қалайтын тұлғаларға қызметтерді ақылы негізде де көрсетуді жалғастырады. Алайда, олардың қызметтерінің бағасы Министрлікпен реттелмейді.

ӘМСҚ Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған