Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қан айналымы жүйесі ауруларында тегін дәрі-дәрмек қалай беріледі?

Фото дереккөзі: Depositphotos
15  877 қаралу саны

Тегін дәрі-дәрмек алу үшін пациент тұрғылықты жері бойынша жалпы тәжірибе дәрігерінде немесе бейінді маманның есебінде тұруы керек.
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміндегі дәрі-дәрмектер (ТМККК):
• 2-4 дәрежедегі қаупі бар артериялық гипертензияда тағайындалады:
• Индапамид таблетка/капсулада .
• Бисопролол / Метопролол, таблетка түрінде.
• Амлодипин, таблетка түрінде.
• Эналаприл / Периндоприл / Фосиноприл, таблетка түрінде.
• Кандесартан, таблетка түрінде.
• Моксонидин, таблетка түрінде (базалық терапияның тиімсіз жағдайында).
• Жүректің ишемиялық ауруында коронарлық тамырларды стенттеуден кейін, коронарлық артерияны айналып өту, миокард инфарктісі және 3-4 функционалдықтың сыныбындағы стенокардия кернеуі жағдайында:
• Клопидогрел, таблетка түрінде.
• Ацетилсалицил қышқылы, таблетка түрінде.
• Изосорбидті динитрат, таблетка /спрей.
• Нитроглицерин, таблетка түрінде, мөлшерленген тіласты аэрозоль және спрей.
• Мөлшерленген тіласты, таблетка түрінде.
• Бисопролол / Тикагрелор, таблетка түрінде.
• Амлодипин / Аторвастатин, таблетка түрінде.
 Жүректің протездік қақпақшалары бар науқастарға барлық кезеңдер мен ауырлық дәрежелерінде тағайындалады:
• Варфарин, таблетка түрінде.
 Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі жағдайында тағайындалады:
• Дигоксин, таблетка түрінде.
• Торасемид, таблетка түрінде.
• Спиронолактон, Рамиприл, таблетка / капсулада.
• Бисопролол / Карведилол, таблетка түрінде.
• Кандесартан, таблетка түрінде.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрі-дәрмектер (МӘМС):
 Ересектер/балаларға алғашқы өкпе гипертензиясы кезінде тағайындалады:
• Бозентан, таблетка түрінде.
• Силденафил, таблетка түрінде.
• Илопрост, таблетка / ингаляцияға арналған ерітінді түрінде.
 Атеросклероз жағдайында:
• Клопидогрел / ацетилсалицил қышқылы, таблетка түрінде.
• Симвастатин / Аторвастатин, таблетка түрінде.
 Хирургиялық емнен кейін инфекциялық эндокардит (жіті/орташа жіті) жағдайында:
• Ампициллин / Амоксициллин / Цефтриаксон, инъекцияға арналған ұнтақ.
• Гентамицин, инъекцияға арналған ерітінді (тек беталактам антибиотигімен бірге).
Егжей-тегжейлі ақпаратты 1406 Медициналық сақтандыру қорының байланыс орталығынан алуға болады.

Фото дереккөзі: Depositphotos

Ары қарай оқу:



Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған