Таңертең су ішудің пайдасы

17 қаралу саны

Судың адам ағзасы үшін маңызы зор. Ол шай немесе кофеден гөрі денсаулыққа әлдеқайда пайдалы. Суды ішудің де өзіндік ерекшеліктері бар екенін білесіз бе?

Дәрігерлердің айтуынша, суды таңертең әрі аш қарынға ішкен дұрыс.

Ояна сала бөлме температурасында тұрған бір стақан суды ішсе ол ағзадағы токсиндерді шығарып, тазартады. Зат алмасу 24%-ға жылдамдайды, бұл әсіресе артық салмақтан арылу кезінде өте маңызды.

Тамақтанар алдында 500 мл су ішу қан айналымы мен теріге жағымды әсер етеді.

Ал таңертеңгі уақытта ішілген су иммундық жүйені тұрақтандырады.

Таңғы астан бұрын су ішуді әдетке айналдырған пайдалы. Бұл бүйрек тастарының пайда болуына және қуық инфекциясының дамуына жол бермейді. Әрі қыжылға қарсы көмектеседі.

Дереккөз: ҚР ДСМ ҰҚДСО Фейсьук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған