Таңғы аста қандай тамақ жеген дұрыс?

67 қаралу саны

Таңды әркім әр түрлі бастайды, дегенімен дәрігерлердің аса маңыз аударуға шақыратын ең маңызды бөлігі – таңғы ас. Сонымен, таңертең аш қарынға қандай тағам жеген пайдалы, ал неден бас тартқан дұрыс?

Аш қарынға ішуге болмайды:

  • ЖАҢА ПІСКЕН КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕР. Мұндай ұн өнімдерінің құрамындағы ашытқы, газ түзілуін тудырады және асқазанның қабырғаларын тітіркендіреді;
  • ҚАНТ. Инсулин өндірісін арттырады, ал бұл ұйқы безіне үлкен жүктеме;
  • ЦИТРУС ӨНІМДЕРІ. Аш қарынға жеген бұл жемістердің құрамындағы көп мөлшердегі қышқылдар, асқазан қыжылын туғызады;

Аш қарынға пайдалы тағамдар:

  • БОТҚА. Сұлы, қарақұмық, жүгері ботқалары. Бұл тағам түрі ас қорыту жүйесін жақсартып, тойымдылық сезімі ұзақ уақыт бойы сақталады;
  • ЖҰМЫРТҚА. Бұл күні бойы калория тұтынуды азайтудың керемет әдісі;
  • АШЫТҚЫСЫЗ НАН. Тұтас дәнді нан құрамында көмірсулар мен басқа да пайдалы элементтер ағзаға өте қажет;

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған