Тағамнан уланудың алдын алыңыз!

73 қаралу саны

Тағамнан улану – бұл табиғаты микробты және микробсыз болатын, ауру тудырушы микроорганизмдердің немесе олардың әр түрлі токсиндерімен және сонымен қатар улы заттармен ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын жедел инфекциялық ауру. Ең қауіпті тағамдық токсикоинфекция және табиғаты микробты улану.

Сапасыз азық-түлікті тамаққа қолдану кезінде, олар дұрыс дайындалмай және дұрыс сақталмаса тағамнан улану – тағамдық токсикоинфекция туындауы мүмкін.

Сапасыз өнімдер дегеніміз  – түрлі микроорганизмдермен және токсиндермен жұқтырылған азық-түліктер.   Жануарлардан алынатын өнімдер ең қауіпті болып табылады (ет, балық, шұжық, консервілер, сүт және одан жасалатын бұйымдар, кремі бар кондитерлік өнімдер, балмұздақ). Әсіресе уақталған ет-паштеттер, фарш, іркілдек оңай жұқтырылады.

Тағамдық уланудың алғашқы белгілері тамақ ішкеннен кейін 2-4 сағаттан соң көрінуі мүмкін (кейбір жағдайларда 30 минуттан кейін), 20-26 сағаттан кейін де білінуі мүмкін. Көбінесе бұл токсиннің түріне және дозасына және адамның иммун жүйесінің жағдайына байланысты.

Тамақтан улануды болдырмаудың бірнеше жолдары бар:

  • тағамдарды сақтау және дайындау қарапайым қағидаларын орындау керек: қауіпсіз азық-түлік өнімдерін таңдау;
  • тамақты дұрыс дайындау;
  • тағам дайын болғаннан кейін мүмкіндігі бойынша бірден тамақтану;
  • жаңа дайындалған тағамдарды кешегі дайындалған тағамдар қалдықтарымен араластырмау қажет, егерде дайын тағам ертеңгі күнге қалған жағдайда, оны пайдалану алдында  мұқият термиялық өндеуден өткізу қажет (қайнату немесе  қуыру);
  • шикі және піскен  азық-түлік өнімдер арасындағы байланысқа жол бермеу;
  • жеке бас гигиенасын қатаң түрде сақтау,  сабынмен жиі және  мұқият  қолды  жуу, әсіресе ас ішер алдында және дәретханадан кейін;
  • қайнатылған, бөтелденген немесе  сапалы,  таза ауыз  суды пайдалану;
  • көкөністер мен жемістерді  пайдаланар алдында үнемі ағымды сумен жуып пайдалану, ал балаларға қайнатылған сумен жуып беру;
  • тез бұзылатын тағам түрлерін және дайын тағамды тоңазытқышта  2-6 С температурада сақтау;
  • кремді-кондитерлік  өнімдерді жарамдылық мерзімдері өткеннен кейін пайдаланбау;
  • үйдегі қоқыстарды және  тағам қалдықтарын  уақытылы шығару  және шыбын, жәндіктерді болдырмау;  
  • үнемі ас үйді таза ұстау және жеке бас гигиенасын сақтау.

Жоғарыда айтылған қағидаларды сақтасаңыз Сіз өзіңізді және туыстарыңызды аурудан сақтайсыз.

Дереккөз: ҚР ДСМ ТҚСҚБК сайты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған