Тағам қоспаларының денсаулыққа пайдасы мен зияны

104 қаралу саны

Соңғы жылдарда тағамдық өнімдерді дайындау үшін әртүрлі тағамдық қоспалар көптеп қолданылады. Олар тағамдардың түрі мен дәмін неғұрлым тартымды етеді және ұзақ уақыт сақтауға септігін тигізеді. Бірақ барлық тағамдық қоспалар адам денсаулығына зиянсыз деп айта алмаймыз. Олардың ішінде қайсысы тағамды неғұрлым пайдалы етеді, қайсысы зиянды әсер тигізетінін әртүрлі тағамдық өнімдерді эксперимент жүзінде дәлелдеп көруге болады. Бізге өзіміздің не ішіп не жеп жүргенімізді білу өте маңызды.

Тағамдық қоспалар – тағамның сапасын жақсарту, сақталу мерзімін ұзарту, бұзылып кетуге жол бермеу, қоректік заттардың құрамын өз қалпында сақтауын қамтасыз ететін түрін, исін, дәмін сақтау үшін қолданылатын заттар.

Е-коды тағамдық өнімдердің қораптарының, орауыштарының сыртында бізге түсініксіз химиялық атауларды ыңғайлы, әрі қысқа атау мақсатында Европа мемлекеттері кеңесе келе,тағамдық қоспаларға «Е» әрпі арқылы белгіленетін цифрлі кодты еңгізді.Ол (Европа немесе ағылшын тілінде  «жеуге болады» деген сөзінен шыққан). Әрбір тағамдық қоспаның үш немесе төрт сандық коды бар. Тағамдық қоспаның коды оның қандай функционалдық топқа жататынын білдіреді. Қазіргі кезде тағамдық қоспаның 30-ға жуық функционалдық топтары бар.

Классификациясы: тағамдық бояулар, консерванттар, антиокислителдер (антиоксиданттар), тұрақтандырғыш және қоюлатқыштар, эмульгатор, дәмдеуіштер, хош иістендірушілер, көбіктендіргіштер, көбік басушылар және көпсітуіштер. Күнделікті қолданатын тағам рационында денсаулығымызға кері әсер ететін тағамдық құндылығы күмәнді, пайдасыз «өлі» заттардың болмауына назар аударуымыз қажет. Бұндай заттар асқазанымызға алдамшы тойымдылық сезімін беріп, ішек құрылысымыздың микрофлорасын бұзады. Кейбір тағамдар артық каллория көзі болып табылады, сондай ақ ағзаға ешқандай пайда бермейді. Ал кейбір тағамдардың құрамында улы компоненттер, «жасырын» майлар болады.

Е-951(аспартам) – қант алмастырушы мен көптеген тағамдарға қосылатын Е 621 дәм күшейткіші – (глуманат натрия) зиянды тағам қоспалары адам денсаулығына залал келтіреді. Осындай қоспалардың зиян екенін бірінші кезекте ата-аналар білу керек, өйткені бөтен қоспалары бар тағамдар балалардың жүйке жүйесіне әсер етіп, аллергиялық реакция тудырады. Рационымызға мүмкіндігінше қосуға болатын не мүлде болмайтын тағам түрлерін атап өтейік.

Біріншіден, рафинадталған қант. Күнделікті қолданатын норма – 2 шай қасық қант болу керек. Бұл жерде қант рафинадталған емес, мысалы бал, кептірілген жемістер т.б. қолданған жөн. Рафинатталған қантты қолдануды шектеу қажет. Қанты бар шай, кофе ішпеген дұрыс. Е

кінші шектеу қойылған тағам түрі, тәтті сусындар, газдалған, газдалмаған сусындар. Өйткені, бұндай сусындарда қанттан басқа, денсаулыққа зияны жетерлік көптеген бояулар, консерванттар болады.

Келесі өнім – тұз. Норма бойынша 4 гр, бұл бір шай қасық. Мысалы, сорпа не қоспаға тұз қосса, салаттарға тұз қоспаса да болады. Майонез, кетчуп, тұздалған, қақталған балық пен етті қолдануды шектеу керек.  Ағзада тұз мөлшерінің көп болуы бүйректе тастың жиналуына, артрит, артроз, буында тұздың жиналуына, остеохондроз және гипертоникалық аурулардың туындауына әкеледі.

Сан алуан азық-түліктердің ішінен өзімізге пайдалы, дәрумендерге бай, құрамында жасанды бояғыштар мен канцерогенді заттары жоқ тағамды таңдау үшін тұтынушы  таңдау жағынан сауатты болғаны дұрыс. Қандай да тағамды сатып алмас бұрын, сыртқы қорабына, сақталуына назар аударып, құрамдағы компоненттерімен танысып алу қажет. Сыртында жазылмаған жағдайда, сатушыдан ақпарат алуға болады.

Сонымен қатар тағам ГМО немесе соя, жүгері сынды қоспалар арқылы әзірленсе, ондай өнімді алмаған дұрыс. Себебі соя мен жүгері модификацияланған өнім қатарына жатады. Оларды иісіне, дәміне, сыртқы қалпына қарап ажыртуға болады. Азық түлік құрамындағы өзгерген ГЕН бар немесе жоғын тек зертханадағы тексерулер арқылы білуге болады.

Дереккөз: ҚР ДСМ ТҚСҚБК сайты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған