Тәуекел тобының деңгейіне байланысты медицина қызметкерлеріне қосымша төлем

71 қаралу саны

Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № ҚР DSM-28/2020 бұйрығымен «COVID-19 коронавирусымен күрес бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы», тәуекел топтары, алушылар тізімдерін құру тәртібі және үстемақы мөлшері анықталды. Тәуекел тобының деңгейіне байланысты медицина қызметкерлеріне қосымша төлем 212 мың теңгеден 850 мың теңгеге дейін бекітілді.

Сондай-ақ, «Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 19 тамыздағы № ҚР DSM-97/2020 жаңа бұйрығына сәйкес медициналық қызметкерлердің тізімі кеңейді. Оның құрамына мобильді топтардың жұмысына қатысатын дәрігерлер мен медбикелер, алғашқы медициналық-санитарлық көмек кезіндегі жедел жәрдем қызметкерлері кірді.

Үстемақы алушылардың тізімін жедел штаб жанынан құрылған аймақтық комиссия құрады. Егер медицина қызметкерлерінде үстемақыға қатысты сұрақтар туындаса, аймақтық комиссияға жүгінулері керек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған