Тұтынушылардан шағым қабылдайтын платформа іске қосылмақ

154 қаралу саны

Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардан шағым қабылдайтын Бірыңғай платформаны іске қоспақ.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңның жаңа нормалары шеңберінде министрлік «бір терезе» қағидаты бойынша тұтынушылардан шағымдарды қабылдаудың Бірыңғай платформасын іске қосуды көздейді. Ол тұтынушыға өз құқықтарын қорғауға, сондай-ақ білімін және бизнес мәдениетін онлайн режимде жетілдіруге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша маркетплейс тақырыбы Дүниежүзілік сауда ұйымының, Еуразиялық экономикалық одағы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының күн тәртібіндегі тренд екенін атап өту керек» деді Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, министрлік Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында сауданы дамытудың мониторингі мен талдауының бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесін құрып, электрондық сауда нарығының статистикалық есебін, талдамалық және маркетингтік зерттеулерін жетілдіру, электрондық платформаларды дамыту және кеңейту, фулфилмент орталықтарының желісін кеңейту, кәсіпкерлерді оқыту жөніндегі e-commerce орталықтарын ашу бойынша бірқатар шараны іске асырмақ.


Дереккөз: Үкімет отырысының тікелей эфирі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған