Тұтынушыға тамақ өнімдерін таңбалау туралы анықтама

56 қаралу саны

Тамақ өнімдерін таңбалау – қаптамаға немесе тауардың басқа да көмекші құралдарына салынған мәтін, шартты белгісі немесе сурет. Таңбалаудың басты мағынасы тұтынушыға тауар туралы мәліметтерді жеткізу, сондай-ақ тауарды сәйкестендіру болып табылады. Таңбалау арқылы тұтынушы тауар туралы барлық қажеттілігін біле алады.

Кедендік одақтың «022/2011 Техникалық регламенті» одақ аумағында еркін айналымға түсетін тамақ өнімдерін таңбалауға қатысты біртұтас, орындауға міндетті болып табылатын талаптар жиынтығы болып табылады. Техникалық регламент өндіруші алдына тағам өнімдерін бұрмаламай нақты ақпарат келтіре отырып, таңбалау арқылы тұтынушының тамақ өнімдері туралы шынайы ақпарат алу құқығының шектелмеуіне қатысты талаптарды қояды. Тағам өнімдерінің Кедендік одақтың нарығына еркін шығуы үшін техникалық регламенттің таңбалауға қатысты талаптары толықтай орындалуы шарт.

Тағам өнімін таңбалауда келтірілген ақпараттар тұтынушыға түсінікті болуы керек, тұтынушыны өнімнің тағамдық қасиеттеріне байланысты шатастырып, теріс түсінік беруге болмайды. Өндіруші көрсеткен сақтау шарттарын орындаған жағдайда, таңбалауда пайдаланылған әдіс таңбалау арқылы келтірілген ақпараттардың тамақ өнімінің жарамдылық мерзімінің соңына дейін сақталуын қамтамасыз етуі керек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған