Тұмау мен коронавирусты медициналық тексерусіз ажыратуға бола ма?

19 қаралу саны

Қазір адамдар тамағы жыбырлап, аздап жөтелсе де қауіптеніп, алаңдай бастайды. Халық өз бетінше, үй жағдайында тұмау мен коронавирус белгілерін ажырата алмайды. Бұл туралы Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман онлайн брифинг барысында айтты.

«Тұмау мен коронавирустың ұқсастығы бар. Бұл екеуінде де әлсіздік байқалады, дене қызуы көтеріледі, науқас көбіне жата бергісі келеді. Бір қарағанда бұл екі аурудың симптомдары бірдей және оларды ажырату мүмкін емес сияқты көрінеді» дейді Алмаз Шарман.

Оның айтуынша, тұмау кезінде адам бірнеше күннен кейін өзін жақсы сезіне бастайды, ал коронавируста керісінше, күн өткен сайын жағдай нашарлай береді.

«Тұмау мен коронавирусты қарапайым адам, үй жағдайында ажырата алмайды. Сондықтан, қандай да бір белгілері анықталса, бірден медициналық мекемелерге жүгінгендері абзал. Кеселді індетті тек арнайы зертханалық тексеру арқылы анықтауға болады» деді ол. Сонымен қатар, ол тұрғындарды өз бетінше емделмеуге шақырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған