Сынап төгілгенде не істеу керек?

54 қаралу саны

Сынап 1 қауіптілік сыныбындағы аса улы заттар тобына жатады. Сынаптың жеңіл буы адам организміне түскен жағдайда ұзақ уақыт бойы белгілері көрінбейтін сынаптық улану болады. Бірақ, сынаппен уланудың алғашқы минуттарын да жеңіл бас айналу мен жүректің айнуы болуы мүмкін. Сынаптың ерекше қасиеті, оның адам оргинизмінде бірнеше жыл бойы жиналуы. Созылмалы улану кезінде орталық жүйке жүйесі мен бүйректердің жұмысы бұзылады. Нәтижесінде ес пен зейіннің нашарлауы, тежелуі  байқалады.

Сынап медициналық және техникалық термометрлерде болады, ал люминисценттік шамдар сынаптың буымен толтырылады.

Егер де, сіз қызуөлшегішті сындырып алсаңыз, сынапты тез арада және мұқият жинап алу керектігін есіңізде сақтаңыз!

Не істеу керек?

  • сынапты жинамастан бұрын резеңке қолғап киіңіз, сынап терімен жанаспауы қажет;
  • қызуөлшегіштің сынған бөліктері мен сынапты мұқият жинап, ішінде суы бар әйнек банкіге салып, қақпақпен жауып қою керек;
  • сынаптың ұсақ тамшыларын шприцпен, резеңке грушамен, жабысқақ пластырмен, скотчпен жинауға болады;
  • банкідегі сынапты жоюмен айналысатын арнайыландырылған мекемеге тапсыру керек;
  • терезені ашып, бөлмені желдету қажет;
  • сынап төгілген орынды 0,2 % марганец ерітіндісімен немесе сабынды-сода ерітіндісімен (30 гр сода, 1 л суға 40 гр ұнтақталған сабын) өңдеу керек;
  • осы аталған шараларды орындағаннан кейін уланудың алдын-алу мақсатында көп сұйықтық қабылдап, пайдалы балғын жемістер жеу керек;

Нені жасауға болмайды?

  • сынған қызуөлшегішті қоқысқа тастауға болмайды. Буланған 2 гр сынап алты мың текше метр ауаны ластайды.
  • сынапты сыпырғышпен жинауға болмайды, сыпырғыштың қатты шыбықтары сынапты ұсақ бөлшектерге бөліп, сынап щаңы түзілуі мүмкін.
  • сынапты шаңсорғыштың көмегімен жинауға болмайды, шаңсорғыштың үрлеуіші арқылы ауа сынаптың булануын жеңілдетеді. Шаңсорғышты пайдаланған жағдайда тазалау жұмыстарынан кейін оны лақтырып тастауыңызға тура келеді.
  • сынапты мұқият тазаламай тұрып терезені ашып, өтпе жел (сквозняк) болдыруға болмайды, өйткені сынап барлық бөлмелерге тарап, ластауы мүмкін.
  • сынаппен қатынаста болған киімдер мен аяқ киімді кір жуғыш машинада жууға болмайды. Мүмкіншілігінше ластанған киімдерді лақтырып тастаған жөн.
  • сынапты кәрізге ағызуға болмайды, сынаптың кәріз құбырларында тұнатын қасиеті бар. Өйткені кәріз құбырларынан сынапты тазалау өте қиын.

Құрамында сынабы бар заттарды қолданар кезде, қатаң түрде нұсқаулықты қолданыңыздар және сақ болыңыздар!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған