Стационарларда емделген жоспарлы пациенттердің саны 80%-ға өсті

121 қаралу саны

Жоспарлы емдеуге жатқызуды қаржыландыру көлемі 74,4 млрд. теңгеге дейін өсті.

2020 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша медициналық қызметтерді тұтынудың өсуі байқалады. Жоспарланған пациенттер санының 80 пайызға, 396 мыңға дейін (2019 жылдың бірінші тоқсанында 220,7 мың пациент) ұлғаюы маңызды оң үрдіс болып табылады.

Тиісінше, жоспарлы ауруханаға жатқызуды қаржыландыру көлемі де өсті: 2020 жылдың 1 тоқсанында 74,4 млрд. теңге, ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 42,5 млрд. теңгені құрады (өсім 73%).

Сонымен қоса шұғыл емдеуге жатқызу жағдайларының саны 15 пайызға, 430,8 мың адамға дейін азайды (2019 жылдың 1 тоқсанында 508 мың пациент).

Яғни, МӘМС жүйесі пациентті қиын жағдайға жеткізбей, ауруханаға жатуды жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл емдеу нәтижесіне оң әсер етеді.

ӘМСҚ-да айтылғандай, екінші тоқсанның нәтижелеріне коронавирусқа байланысты енгізілген шектеу шаралары әсер етті. Төтенше жағдай режимі медициналық көмекті тұтыну көлеміне де әсерін тигізді. Екінші тоқсанда жоспарлы медициналық көмекті тұтынудың төмендеуі күтілуде.

Дереккөз: «ӘМСҚ» баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған