Созылмалы панкреатит – ұйқы безі қабынуының үдемелі кеселі

Фото: Puls-planety247.ru
37  562 қаралу саны

Созылмалы панкреатит – балаларға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін дәрі дәрмекпен қамтамасыз ететін аурулар қатарына кіреді.

Созылмалы панкреатит – бұл ұйқы безінің қабынулы сипаттағы үдемелі кеселі. Бұл кезде оның секреторлық қызметі және гормональдық белсенділігі бұзылады.

Қауіп факторлары:

  • Ішкілікке салыну (90% ) күн сайын 100 мл- ден алкогольді немесе 2 л-ден сыраны ішу 3-5 жылдан кейін ұйқыбезде гистологиялық бұзылыстарды дамытады. Алкогольді үнемі ішетін әйелдерде панкреатиттің айқын көрінісі 11-12, еркектерде 17-18 жылдан кейін пайда болады.
  • Барлық гипертензияның болуы
  • Алиментарлық фактор- майлы, қуырылған тағамды асыра жеу, белоктың жетіспеушілігі, витаминдердің, әсіресе А витаминінің тапшылығы
  • Анамнезінде жедел панкреатит
  • Гиперлипидемия
  • Тұқымқуалаушылық
  • Темекі шегу
  • Дәрмектердің әсерлері (ұзақ қолданған цитостатиктер, эстрогендер, нитрофундар, қабынуға қарсы дәрмектер).

Клиникалық белгілері:

  • Іштің ауырсынуы
  • Іштің жоғары бөлігінде, сол жақ қабырғалық астында қатты ауыру ұстамасы болады. Көбіне белбеу тәрізді сипат иеленеді.
  • Ұстаманы көп тамақ ішу, қуырылған, майлы тамақ, алкоголь шақырады.
  • Қызудың көтерілуі
  • Әлсіздік
  • Тәбеттің нашарлауы

Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аталмыш ауруға дәрігердің тағайындауымен келесідей дәрі-дәрмектерді тегін ала алады. Олар: панкреатин, ибупрофен, парацетамол, омепразол және суспензия дайындауға арналған орктреотид дәрісі.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» Фейсбук парақшасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған