Сіз сұрақтарыңызды ӘМСҚ басшысына қалай бағыттай аласыз?

Как адресовать свои вопросы руководителю ФСМС
266 қаралу саны

Коронавирус ұзақ мерзімді тәжірибеден өтіп үлгермеген Міндетті медициналық сақтандырудың қазақстандық үлгісі үшін маңызды сынақ болды. Көптеген қазақстандықтардың МӘМС жүйесі бойынша емдеу және ақы төлеу төңірегінде сұрақтары болуы әбден мүмкін. Сондықтан да Медициналық сақтандыру қоры сұрақтардың жауапсыз қалмауы үшін азаматтармен кері байланысты үнемі күшейтіп отырады. 1406 байланыс орталығы арқылы жауап беруден басқа Қор мерзімді түрде түрлі әлеуметтік желілердің оқырмандарымен диалогқа да шығып жүр.
Осындай тағы бір байланыс ертең, 28 сәуірде 11:00-де Арманжан Байтасовтың Инстаграм каналында болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов абоненттердің сұрақтарына жауап береді.
Айтпақшы, сіз өз сұрағыңызды дәл қазір хабарландыру парағында комментарий түрінде қалдыра аласыз: https://www.instagram.com/p/B_W-pFEF_zx/

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған