Сібір жарасы қалай жұғады?

30 қаралу саны

Тамаққа жеткілікті қайнатылмаған етті пайдаланған кезде ауру жұғады (мұндай етті кем дегенде 4 сағат пісіру керек).

·Ауру жұқтырған малдың етін (пісірілмеген етті, сондай-ақ ауру жұқтырған мал етінің турамасынан дайындалған кәуәпты немесе тағамдарды) жеген кезде адамда сібір жарасының ішек түрі басталады, ол 100% жағдайда аурудың басталғанынан бастап 2-3 күн өткеннен кейін науқастың қайтыс болуымен аяқталады.

·Сібір жарасымен ауырған (қарасан) сиырдың сүтінде қан пайда болады (ауырған малдың қаны ұйымайды – бұл ауруға тән белгі), сондықтан сүт сатылымға өте сирек түседі. Мұндай сүтті қайнату пайдасыз, өйткені онда сібір споралары тіршілікке қабілетті болып қалады.

·Демді ішке тартқан кезде ауа-тамшы арқылы бацилланы жұқтырады.

·Белгіленбеген (рұқсат етілмеген) сауда орындарынан ветеринариялық-санитариялық бақылаудан өтпеген етті сатып алған жағдайда ауру жұғуы мүмкін (адамның шикі етпен жанасуы, әсіресе сатып алушының қолында микрожарақаттар (терінің жарылуы, сызаттар, жаралар) болса, ол жерлерге сібір жарасының таяқшасы бірден тікелей еніп кетеді).

·Жәндіктер (сона, көк шыбындар) шағып алған кезде ауру жұғады. Инфекция қоздырғышы ұзақ уақыт суда болуы мүмкін, сонымен қатар топырақта, кейде жүз жылдан астам уақыт сақталады.

·ҚР аумағы сібір жарасының пайда болу қаупінің аймағы болып табылады. Біз шартты түрде сібір жарасының пайда болу қаупінің 3 аймағын анықтадық. 

Біріншісі – сібір жарасының пайда болу қаупінің қарқындылығы өте белсенді болатын аймақ, бұл аймаққа соңғы 10 жылда үш және одан да көп сібір жарасы тіркелген аймақтар жатқызылды. 

Екінші аймақ – «сібір жарасының пайда болу қаупінің қарқындылығы белсенді болатын» аймақ, бұған соңғы 10 жылда аурудың 1-2 эпизоды тіркелген аймақтар жатқызылды. 

Үшінші аймақ – сібір жарасының пайда болу қаупінің қарқындылық белсенділігі аз болатын аймақ. Бұл өңірлерде соңғы 10 жыл ішінде эпизодтар тіркелмеген, бірақ бұрын сібір жарасы тіркелген. Жыл сайын Қазақстан аумағында адамдар арасында сирек кездесетін ауру жағдайы тіркеледі. 2009-2018 жылдар аралығында адамдардың сібір жарасымен сырқаттануының салыстырмалы көрсеткіші 0-ден 1,1-ге дейін ауытқыды.

Нені есте сақтау керек?

• Рұқсат етілмеген сауда орындарынан, ветеринариялық таңбасыз ет сатып алмаңыз және сатушылардан ветеринариялық ілеспе құжаттарды сұраңыз.
• Мал қораны жинаған кезде, терімен, жүнмен, қылшықтармен және т.б. жұмыс істегенде бетперде тағу керек.

• Адамдар мен жануарларды құрғақ тірі сібір жарасы вакцинасымен егу маңызды.

Тұрғындарды сібір жарасына қарсы жоспарлы вакцинациялауды медициналық ұйымдар халықтың мынадай контингентіне:

1) мал сою цехтары мен ет комбинаттарының қызметкерлеріне;

2) ветеринариялық клиникалардың дәрігерлері мен персоналына;

3) жануарлардың терісі мен жүні өңделетін кәсіпорындардың қызметкерлеріне;

4) сібір жарасын диагностикалаумен және зерттеумен айналысатын зертханалардың қызметкерлеріне жүргізеді.

• Алдын ала ветеринариялық куәландырусыз ауыл шаруашылығы жануарларын аулада союға және жануарлардан алынатын шикізатты сатуға жол бермеу;

• Рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерде, стационарлық қолайсыз пункттерде мал жаюға жол бермеу;

• Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну керек, өйткені емдеу неғұрлым ертерек басталса, нәтижесі соғұрлым жақсы болады.

Есіңізде болсын: сібір жарасы өте қауіпті инфекциялар санатына жатады!

Дереккөз: ҚР ДСМ ҰҚДСО сайты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған