Шектеу шараларын жеңілдету – арқаны кеңге жаю емес

45 қаралу саны

Ағымдағы жылдың 16 тамызынан бастап Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шектеу шаралары кезең-кезеңмен жеңілдетілуде. Бірақ шектеу шараларын жеңілдету арқаны кеңге жаюға болады дегенді білдірмейді. Біз әлі де болса санитарлық талаптарды сақтауымыз қажет. Бірақ белгілі болғандай, бәрі бірдей сақтық шараларын сақтай бермейді.

Облыс көлемінде, мониторингтік топ үстіміздегі жылдың 17 тамызы мен 7 қыркүйегі аралығында 26 санитарлық талаптарды бұзу фактілері анықталған, оның ішінде: Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес қызметіне тыйым салынған 2 кәсіпкерлік нысанның жұмыс істеуі, бетперде режимін сақтамаудың 4 фактісі және көпшіліктің қатысуымен ұйымдастырлған отбасылық іс-шараны өткізудің 20 фактісі (үйлену тойы, туған күн, құдалық) анықталды. Анықталған жайттар бойынша ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды.

Өкінішке орай, облыс аумағында үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу сияқты отбасылық (оның ішінде үйде өткізілетін) іс-шараларды көпшілікпен бірге атап өту әлі де жалғасуда.

Сондықтан, облыс тұрғындарынан отбасылық іс-шараларды ұйымдастырмауға, бетперде кию мен арақашықтық сақтау сияқты қарапайым санитарлық ережерді ұстануды сұраймыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған