Сайран Жамукова: Біз полиомиелиттің, дифтерияның, туберкулездің және шешектің оралуына жол бермеуге тиіспіз!

Фото: Сайран Жамукова
24  012 қаралу саны

Қазақстандағы тәжірибелі балалар дәрігерлерінің бірі Сайран Жамукованың пікірін оқып көріңіз. Ол қазақстандық дәрігерлердің қызылша індеті кезіндегі жеке тәжірибесімен бөліседі. Автордың Facebook-тегі жеке парашасындағы жазбаны назарларыңызға ұсынамыз:

Бүгінде халық арасында вакцинация мәселелері кеңінен талқылануда. Мен өз ойымды жазуды жөн көрдім. Педиатрияда отыз жылдық жұмыс өтілім болғандықтан, мен өз пікірімді айтуға құқығым бар деп ойлаймын: учаскелік педиатрдан бастап педиатрия бойынша аймақтық үйлестірушіге дейін жемісті еңбек еттім.

Әрбір ата-ана өзінің баласын вакцинациялауды шешуге құқылы. Әрине, бұл мәселені түбегейлі шешу алдында балаңыздың балабақшаға, мектепке баратындығын, емханада немесе ауруханада емделетінін ұмытпаңыз. Екпеден өтпеген бала міндетті түрде қоршаған ортаға қауіп төндіретінін де естен шығармаңыз.


Індеттің жалғыз жауы – екпе

Қазақстандық дәрігерлер, әсіресе, педиатрлар азаматтардан өз балаларына екпе жасау кестесіне жауапкершілікпен қарауға және вакцинацияны назардан тыс қалдырмауға шақырады.

uralskweek.kz

Мен өз тәжірибемнен айтқым келеді. Өткен жылы елде қызылшаның қалай өршігенін жұрттың бәрі біледі. Ол кезде мен еліміздің батыс аймақтарының бірінде жұмыс істедім. Бүйректің жедел зақымдануымен асқынған ішек инфекциясы клиникасымен 9 айлық бала облыстық аурухананың инфекциялық бөлімшесінің жансақтау бөліміне түсті. Дәрігерлер қабылдаудың алғашқы минутынан бастап оның өмірі үшін күресті.

Сонымен бірге қызылша ауруы бар балалар мен ересектер аурухананың инфекциялық бөлімшесіне түсе бастады. Олардың арасында жансақтау бөлімінде жатқандар да болды. Қызылша дегеніміз – өте жұқпалы ауру. Ішектің инфекциясы бар, перитонеальді диализден өткен бүйректің жедел зақымдануы бар бала қызылшаға шалдыққан. Оны республикалық клиникаларға тапсыру мүмкін болмады, өйткені олар да карантинде болды. Барлық көмек сол жерде көрсетілді, жетекші мамандары үнемі кеңес беріп отырды.

Мүмкіндік пайда болғандықтан әлгі нәрестені орталыққа медициналық жедел жәрдем ұшағы алып келді, онда ол емделді. Олар өмірді сақтап қалды, бірақ ол қаншалықты қымбатқа түсті десеңізші!

Бірге ойланайық: біздің балаларымыздың да, басқалардың да өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге құқығымыз бар ма? Вакцинацияның негізгі мақсаты алдын алу болып табылады және солай болып қала береді. Сондықтан полиомиелит, дифтерия, туберкулез, шешек сияқты қауіпті инфекциялардың оралуына жол бермейік.

Сау болыңыз, өзіңізді күтіңіз. Бала өз денсаулығын қорғауға қам жасай алмайды, сондықтан да сіз таңдаудан жаңылмаңыз!

Дереккөз: Фейсбук парақшасы


Арзан және сапалы болса…


ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өкпені жасанды желдету аппаратын шығаратын отандық өндірушілерді қолдайтынын айтты. Медицина құрал-жабдықтары саласында шетелге тәуелділікті қысқарта аламыз ба?


Дереккөз: Фейсбук парақшасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған