Сүт өнімдерін смартфондағы «Wipon» мобильді қосымша арқылы таңдауға болады

77 қаралу саны

Сүт, ірімшік, май және басқа да көп таралған сүт өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасының жағдайы қаншалықты қолайлы? Ағымдағы жылдың 7 айында өнімнің қауіпсіздігін мониторингілеу нәтижесі бойынша сүт өнімдерінің  81% – ы сатып алушылардың сеніміне лайық болды.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті сүт, айран, ашытылған сүт өнімдерін, сүзбе, қаймақ, ірімшік және ірімшік өнімдерін, сүзбе ірімшіктері мен кремдерін, сары майды, йогурттарды, балмұздақты, глазурленген ірімшіктерді, түйіршіктелген сүзбе және түйіршіктелген сүзбе өнімдерін, түрлі брендтердің қоюландырылған сүті мен сүт десерттерін тексерді. Сараптаманың егжей-тегжейлі нәтижелері, сондай-ақ қандай брендтер өз өнімдерін сүт майын алмастырғыштармен бұрмалайтынын Сіз сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімінен көре аласыз.

Сондай-ақ, дүкендердегі сүт өнімдерін смартфондағы «Wipon» мобильді қосымша арқылы таңдауға болады.

Сатып алар алдында тауардың штрих-кодын сканерлеу кезінде тұтынушы өнімнің түрі мен атауы, өнімнің жарамдылық мерзімі, партия (серия) нөмірі, дайындалған күні, өндіруші (жеткізуші) және өнімді іріктеу орны сияқты мәліметтерді ала алады.

Контрафактімен және көлеңкелі экономикамен күресу жөніндегі «Wipon» жобаны Дүниежүзілік банк қолдады. «Wipon» мобильді қосымшасында алкоголь өнімінің заңдылығын тексеруге, «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» республикалық акциясына қатысуға, тұтыну және басқа да тауарлардың бағасын мониторингілеуге болады.

Дереккөз: ҚР ДСМ ТҚСҚБК сайты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған