Ревакцинация – балалардың туберкулезге шалдығуының профилактикасы

41 қаралу саны

Елімізде, жыл сайын оқу жылының басында 6-7 жастағы 1-сынып оқушыларына  барлық республика мектептерінде БЦЖ ревацинациялау (Кальметт-Герен Бацилласын салу) жүргізіледі. Осы кезеңде балаларға  өзге екпе жасау тыйым салынған.

Пандемия коронавирустық инфекцияның кезеңіне байланысты осы шараларды жүргізу мәселесі  республикалық жиналыс отырысына енгізілген. Тамыз айының ортасында фтизиопульмонологтар, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің  сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті өкілдері және өңірлік департаменттердің эпидемиолог мамандарының алқа отырысы шешімі негізінде 1-сынып оқушыларына өткен жылдардағыдай туберкулинодиагностика және ревакцинациялау жүргізу туралы шешім қабылданды.

Коронавирустық инфекция ауруының азайғаны  ескеріліп, балаларда туберкулездің алды алу бойынша профилактикалық іс-шаралардан бас тарту қолайсыз жағдайға әкеп соғуы мүмкін екендігін мамандар еске салады.

Ақмола облысы Денсаулық сақтау және білім басқармасының «Карантиндік шектеу іс-шаралары кезінде облыс мектептерінің 1 сынып оқушыларына туберкулезге қарсы ревакцинация жүргізу туралы» бірлескен бұйрығында санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтау, профилактикалық екпелерді егу кезінде нормативтік-құқықтық құжаттардың талаптарын сақтау бойынша ұсыныстарды ұсынды.

Елорда  маңындағы өңірлерде 12746 баланы туберкулинодиагностикамен, 7 135 бірінші сынып оқушыны ревакцинациялаумен қамту жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, мамандардың айтуынша БЦЖ вакцинациясы мен ревакцинациясын жүргізу балалардағы туберкулездің алдын алудағы басым бағыт болып табылады. БЦЖ ревакцинациялауы перинаталдық орталықтар мен перзентханаларда туылғаннан кейін алғашқы 4 күн ішінде жасалады.  

Ерте жасалған БЦЖ екпесі туберкулез қоздырғышынан барлық жағдайда қорғамайды, бірақ (егілгендердің 70%-ын) жасырын инфекция ауруының ауыр түріне ауысуынан және туберкулез ауруының ауыр түрлері -туберкулез менингитінен, сүйек және буын туберкулезінен, өкпе туберкулезінің  ауыр түрлерінен 100% қорғайды.

БЦЖ вакцинациялауынан кейін иммунитет 6-7 жыл сақталады, сондықтан теріс Манту реакциясы анықталған балаларға қайта ревакцинациялау жүргізіледі,  бұл шараны олардың әлеуметтік сатусы өзгерген кезде жүргізу қолайлы болып табылады. БҰЛ АСА МАҢЫЗДЫ!  Вакцинация жасалмаған балалар екпе егілген балаларға қарағанда, туберкулез ауруына 15 есе жиі шалдығады.

Ревакцинация дені сау, инфекцияға шалдықпаған, Манту реакциясы теріс болып анықталған 6-7 жастағы балаларға жүргізіледі.    Ревакцинациялау алдында әр балаға Манту сынамасы қойылады, яғни туберкулинодиагностика, бұл балаларда туберкулез ауруын ерте анықтаудың негізгі жолы болып табылады. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған