QOLDAU 24/7 арқылы уақытша сақтандыру мәртебесін қалай болады?

62 қаралу саны

Халықтың әлеуметтік осал топтары мемлекет есебінен, МӘМС аясында медициналық көмек ала алады.  Сіз үйден шықпай-ақ, Qoldau 24/7 қосымшасын қолдана отырып, уақытша сақтандыру мәртебесін ала аласыз (кейбір санаттағы азаматтардың мәртебесі сақтандырылмаған жағдайда).

Бұл қосымша Android және iOS платформаларында қол жетімді және қолданыста өте қарапайым. Qoldau 24/7 қосымшасы көмегімен уақытша сақтандыру мәртебесін алудың толық нұсқаулығын ұсынамыз.

  • Qoldau 24/7 мобильді қосымшасын AppStore немесе Play Market-тен жүктеп, орнатыңыз;
  • Жүйеге тіркеліңіз: электрондық пошта мекенжайын, тегін, атын және байланыс телефонын енгізу;
  • Тіркеліп, жүйеге кіргеннен кейін төменгі оң жақ бұрыштағы «Бізге жазыңыз» түймесін басыңыз;
  • «Өтініш құру» нысанында «Кеңес алу» санатын таңдаңыз;
  • Әрі қарай, тұратын аймақты таңдаңыз;
  • «Өтініш мәтіні» өрісінде жеңілдік санатын және ЖСН көрсетуді ұмытпаңыз;
  • Растайтын құжаттың фотосын немесе сканерленген түрін тіркеңіз. «Файл тіркеу» түймесін басып, галереядан құжатты таңдаңыз немесе суретке түсіріңіз;
  • «Өтінішті жіберу» түймесін басыңыз;

Құжат дұрыс толтырылған жағдайда, «Өтініш сәтті құрылды! Терезені жабу үшін басыңыз» жазбалары шығады. Барлық талаптар дұрыс орындалған жағдайда 30 минут ішінде МӘМС жүйесіндегі мәртебеңіз жаңартылады.

Арнайы «Қолдасу.кз» үшін

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған