Отбасында бала болмаудың 50%-ы ер-азаматтың денсаулығымен байланысты

33 қаралу саны

Елордадағы №2 көпбейінді қалалық аурухананың Әйелдер денсаулығы бөлімшесінің меңгерушісі Жанаргүл Шәрімхан №627 бұйрыққа сәйкес көрсет­кіштері сәйкес келген жұптар жылына бір рет квота алуға құқылы екенін алға тартты. «Статистикаға қарасақ, бедеу­лік тек әйелдерде болмайды. Отба­сында бала болмаудың 50%-ы ер-азаматтың денсаулығымен байланыс­ты. Үйленгеннен кейін екі жұп тұрақты жыныстық қатынаста болып, бір жылға дейін бала көтере алмаса оларға бедеулік деген диагноз қойылады. Мұндай жағдайда жұбайлар жергілікті емханаға бірге барып қаралып, диспансерлікке тұрады. Көпшілігі жергілікті емханаларда ұзақ жүріп, уақытын жоғалтып алады. Сондықтан бірден отбасын жос­парлау орталығына жолдама алуы тиіс.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған