Онкологиялық науқастар КТ мен МРТ қызметін тегін алуға құқылы

42 қаралу саны

Онкологиялық науқастар компьютерлік томография мен магниттік-резонанстық томографияны тегін алуға құқылы, себебі бұл қызмет МККК аясында жүзеге асырылады.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» бапқа сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек кіреді. Оның ішінде қатерлі түзілістерді қамтитын әлеуметтік маңызы бар аурулар.

Онкологиялық науқастарға КТ және МРТ қызметтеріне ақы төлеуді талап еткен немесе көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасын пайдаланып, әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына хабарласыңыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған