Өңірлік пациентке республикалық деңгейде КДК қалай көрсетіледі?

269 қаралу саны

Сирек кездесетін, орфандық аурулардың диагнозын немесе диагнозын тексеру үшін күрделі немесе анық емес жағдайларды диагностикалау; басқару тактикасын, емделуін, сондай-ақ мүгедектікке сараптамалық баға берудің даулы жағдайларын шешу; шетелде емделуге жолдама беру үшін көрсетілімдердің барын анықтау; халықтың әлеуметтік осал топтарындағы пациенттің ауыр ағымдағы сырқатын анықтау қажет болса және бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейіндегі емдік шаралар тиімсіз болған жағдайда өңірдегі пациентке диагностикалау және емдеу үшін жолдама беріледі.

Енді пациент маршрутымен таныстыра кетейік:

Біріншіден, консультациядан кейін бейінді маман консультацияға жібергелі отырған пациентті зерттеудің және емдеудің нәтижелерін көрсететін 035-2/у нысанындағы медициналық қорытындыны жалпы практика дәрігері/терапевт дәрігер немесе маманға жібереді және пациентті әрі қарай емдеу бойынша өз ұсыныстарын береді.

Екіншіден, қорытындыны алғаннан кейін жалпы практика дәрігері және/немесе салалық маман пациентке әрі қарай динамикалық бақылау жүргізеді.

Үшіншіден, әлеуметтік мәні бар және созылмалы аурулары болған кезде науқасқа қажетті көмек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көрсетіледі.

Төртіншіден, тексерудің тізбесі, көлемі, жиілігі, зертханалық және аспаптық зерттеулер, бақылау мерзімдері, тіркеуден шығару критерийлері бекітілген аурулар тізімімен анықталады.

Бесіншіден, көрсетілімдер болған кезде бейінді маман парақты және (немесе) уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтаманы береді немесе созады, ал еңбекке жарамсыздығы анықталған жағдайда әлеуметтік сараптамаға жолдама беру үшін емдеуші дәрігерге ұсынысын береді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған