Нотариус қызметін қалай тегін пайдалануға болады?

42 қаралу саны

Мұндай жеңілдік мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасының біріне жасалады. Салық кодексінің 617-бабының 4-тармақшасына сәйкес мүгедек балалардың ата-анасының бірі барлық нотариалдық қызметтің ақысын төлеуден босатылады.

Нотариусқа қатысты барлық қызметтер Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі «Нотариат туралы» №155 заңымен реттеледі.

Нотариалдық қызметтерді тек:

  • мемлекеттік және жеке нотариустар;
  • жергілікті билік органдарының уәкілетті тұлғалары;
  • консулдар көрсете алады.

Нотариус қызметі үшін алынатын ақы мемлекеттік баж арқылы бекітіледі. Осы қызмет ақысын төлеуде мүгедек баланың ата-анасына жеңілдік бар. Ол үшін бұл санаттағы тұлғалар осы жеңілдікке негіз болатын келесі құжаттарды нотариусқа ұсынуы керек:

  • ата-ананың бірінің жеке куәлігі;
  • мүгедек баланың туу туралы куәлігі;
  • мүгедектік туралы анықтама.

Ескеретін жайт – мүгедек баланың ата-анасының бірі тек өзіне және баласына қатысты нотариалдық қызметтің ақысын төлеуден босатылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған