Неліктен жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілерді қабылдауға болмайды?

253 қаралу саны

Дәрі-дәрмектің жарамдылық мерзімі – бұл дәрі-дәрмектің ағзаға әсер етер ең тиімді кезеңі.⠀

Дәрі-дәрмектердің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда өндіруші ықтимал жанама әсерлері мен препараттың тиімділігі үшін жауап бермейді.⠀

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша дәрі-дәрмектің 90% -ы жарамдылық мерзімі өткеннен кейін бірнеше жыл бойы тиімділігін жоғалтпайды.

Мұндай жағдайда әр науқас жауапкершілікті өз мойнына алып, жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді қабылдауды өздері шешуі керек. Оның салдары үшін де жауапкершілікті өз мойнына алатынын есте сақтаған жөн.⠀

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қабылдауға болмайтын дәрілерге мыналар жатады: балаларға арналған дәрі-дәрмектер, антибиотиктер, рецептік дәрілер.⠀

Сонымен бірге, жарамдылық мерзіміне қарамастан дәрі-дәрмектерден өзгерістер байқалса, қабылдауға болмайды:⠀

• дәрі аңдатпада көрсетілген түсінен өзгеше болса;

• дәрі пішіні өзгерсе: ұсақталған, сынған, немесе тым жұмсақ;

• сұйықтықтың құрамы аңдатпада сипатталғаннан өзгеше;

• дәрі-дәрмектің иісі өзгерсе;

• пакеттің тығыздығы, тұтастығы бұзылған;

• ампуладағы дәріде тұнба пайда болды немесе түсі өзгерсе;

• капсулалар пішінін өзгертсе немесе бір-біріне жабысып қалса.

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған