Нейрохирургия орталығында ер адамға естің сақталуымен күрделі ота жасалды

51 қаралу саны

Ұлттық нейрохирургия орталығында науқастың есін сақтай отырып, миға кезекті операция жасалды. Еркінбек Башкеевті биылғы жылдың наурыз айынан бастап бас айналу мен бас ауруы мазалай бастады. Белгілі болғандай, бұл ми ісігінің алғашқы белгілері болды. Бірақ сол кезде гемоглобиннің ықтимал төмендеуіне сілтеме жасай отырып, науқас бұған баса мән бермегенін де есіне алды. Алайда, көп уақыт өтпестен, ер адам есінен танып қалды. Содан кейін ер адамның миына диагностика жасалды. МРТ-ны зерттеуі маңдайдың сол жақ конвекситальды бөлімінде, перифокальды ісіну аймағында, оң жақ желке мен сол жақ самай бөлігінде 2 ұсақ ұқсас ісік ошақтары бар миішілік ісік белгілерін көрсетті.

Нейрохирургия орталығында үлкен консилиумда Еркінбектің ауру тарихын медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттарының қатысуымен талқыланды. Консилиум пациенттің шағымдарын, аурудың анамнезін және пациенттің нейростатусын, сондай-ақ сол жақ париетальды маңдайда орналасқан ісіктің мөлшерін және оның мотор аймағына жақындығын ескерді. Сондай-ақ S8-сегменттің сегменттік ателектазымен асқынған, некроз белгілері бар оң жақ өкпенің C-r ілеспе аурулары назарға алынды, өкпені жасанды желдету аппаратын пайдалану кезінде ісіктен қан кету қаупі жоғары болды. Осылайша, дәрігерлер науқастың есін сақтай отырып, жергілікті және тамырішілік анестезиямен төбе аймағындағы ісікті алып тастау операциясын жасауды ұйғарды.

Орталық жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, профессор Нұржан Рыскелдиевтің айтуынша, науқастың есін сақтай отырып жасалатын мұндай операцияларға дәрігерлер жиі бара бермейді, бірақ жыл сайын тек қана медициналық көрсеткіштер бойынша және мұқият дайындықтан кейін, сонымен қатар операцияға әр түрлі мамандықтағы клиниканың көптеген дәрігерлері қосылып жасалатын бірнеше жағдай кездеседі. Өйткені, операция қарапайым емес, нейрохирургтің зергерлік дәлдігін ғана емес, сонымен қатар операция кезінде анестезиологтардың, нейрофизиологтардың жоғары кәсібилігін қажет етеді.

Операция кезінде дәрігерлер пациентпен сөйлесіп, сұрақтар қойды, мотор функциясының сақталуын қадағалады және сол мезетте мидағы ісікті алып тастау қатар жүргізілді. Өз кезегінде Еркінбек те дәрігерлерге барынша көмектесуге тырысты: дәрігерлердің сұрақтарына жауап берді, операциялық араласу қозғалыс функцияларын меңгеру қабілетіне әсер етпейтіндігін тексеру үшін қолдарын және аяқтарын қозғалтты. Сол жақ төбе аймағындағы краниотомия операциясы – ісіктің микрохирургиялық жолмен толық жойылуы шамамен екі сағатқа созылды және сәтті өтті. Науқас өзін жақсы сезінеді және клиникадан үйге шығуға дайындалу үстінде.

«Мен үшін бәрі сәтті болғанына өте қуаныштымын, осындай күрделі операцияға қарамастан, дәрігерлер ісікті толығымен алып тастады. Мен өз саласының мамандары жұмыс істейтін осы клиникаға келгеніме қуанамын. Менің туыстарым  «Операция кезінде қорқып кеттің бе?» деп сұрайды. Бірақ іс жүзінде менде қобалжу, қорқыныш болған жоқ, керісінше мен кәсіпқойлардың қолында екеніме және маған осында көмек көрсетілетіндігіне сенімді болдым. Үйде мені сүйікті отбасым, әйелім және төрт балам күтуде. Нейрохирургия орталығының дәрігерлері мен қызметкерлеріне шексіз алғысымды білдіремін» деді дәрігерлерге риза болған пациент.

Операцияны Орталық жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, «ҰҒО» АҚ профессоры Нұржан Рыскелдиев, «ҰҒО» АҚ профессоры Айдос Досқалиев, нейрохирург Нұрзат Сығай, жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог Раушан Тоқшекенова, жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог Наталья Зудилина жасады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған