Науқас чек-листі. Үй жағдайында денсаулықты қалай бақылауға болады?

163 қаралу саны

Аурудың барысын бақылау үшін науқас денсаулығындағы қандай да бір өзгерістерге мұқият болуы қажет. Мұндайда чек-лист – сенімді көмекші. Аурудың симптомдарын бақылауға алған жағдайда ғана емдеу тәсілін өзгерту оңай болады.

1. Үйде болыңыз. Вирустық инфекцияның белгілерінің барын жұмыстағы басшылыққа ескертіңіз;

2. Отбасы мүшелерінен оқшаулану;

3. Мүмкін болса, қанның оттегімен қанығу деңгейін инвазивті емес өлшеуге арналған құрылғы – импульстік оксиметр сатып алыңыз.

4. Симптомдарыңызды күнделікті бақылап, чек-листке жазып отырыңыз.

5. Егер температура көтерілсе, қызу басатын дәрілердің біреуін қабылдаңыз. Сондай-ақ, сұйықтық ішіп, көп демалу қажет.

Ауру симптомдары ауырлай бастаған жағдайда бірден дәрігерге хабарласыңыз. Жылдам шешім қабылдап, емдеу тәсілін өзгерту үшін дәрігерге чек-листіңізді көрсетіңіз.⠀

Бұл жағдайда ентікпенің, кеудедегі ауырсынудың пайда болуына, тыныс алу жылдамдығының жоғарылауына назар аудару керек.

Жедел жәрдем шақыруды және госпитализацияны қажет ететін дабыл белгілері: жайбарақат күйде ентікпе болса, кеуденің ауруы, сөйлеудің қиындауы, зәр шығарудың нашарлауы, талып қалу, қысымның 90/60 төмендеуі, пульс> 120, сатурация <90%.

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған