Нақты сұрақтарға ӘМС қоры жауап береді

54 қаралу саны

Сұрақ: Бекіту жүйесі қалай жұмыс істейді және сізге қай кезеңде жауап беру керек?

Жауап: Медициналық ұйымға тікелей жүгінген кезде емхананың маманы «Бекітілген халық тіркелімі» медициналық ақпараттық жүйесіне бекітуге арналған сұрау салуды ресімдейді, одан кейін ақпараттандыру ұйымының маманы бекітуге арналған сұрау салуды қарайды және өтінімді мақұлдау туралы не дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі медициналық ұйымға бекіту талоны немесе дәлелді бас тарту болып табылады.

Пациент электрондық үкімет арқылы жүгінген кезде, пациентке 1 жұмыс күні ішінде «Жеке кабинетке» бекітілгені туралы хабарлама немесе электрондық құжат нысанындағы дәлелді бас тарту келіп түседі. Ақпараттық жүйеде телефон нөмірі немесе электрондық пошта мекенжайы болған кезде медициналық ұйым пациентті тіркелгені туралы хабардар етеді. 

Сұрақ:Медициналық ұйымдар мен порталдың жұмыс кестесі?

Жауап:Емханалар дүйсенбіден сенбіге дейін жұмыс істейді. Дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс (жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда. Бұл ретте, бекітуге сұраныс жұмыс аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын, яғни жұмыс күндері кешкі сағат 6-ға дейін және сенбі күні күндізгі сағат 12-ге дейін қабылданады.

«Азаматтарға арналған үкімет» порталы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы жұмыс істейді. Пациент жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, сондай-ақ демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру келесі жұмыс күні көрсетіледі. Пациентке қызмет көрсету үшін құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-30 минут. 

Сұрақ:Емханаға кез-келген уақытта немесе тек тіркеу науқаны аясында бекітіле аласыз ба?

Жауап:Медициналық ұйымға кез келген уақытта бекітілуге болады, егер Сіз тұрғылықты жеріңізді ауыстырған болсаңыз, қаладан тыс жерге бір айдан астам мерзімге кетсеңіз немесе алғаш рет еркін таңдау немесе бекітілу құқығын пайдалануды шешсеңіз, сондай-ақ бекіту сіздің қатысуыңызсыз жасалған болса. Сондай-ақ медициналық ұйым қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт бұзылған жағдайда. Немесе сіздің үйіңізге жақын жерде жаңа емхана ашылса. Сақтанушы мен сақтандыру ұйымы арасында жасалған ерікті медициналық сақтандыру шарты да науқан шеңберінен тыс тіркелудің негізі бола алады. Өзге жағдайда, бекіту науқаны шеңберінде 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін ғана мүмкін болады. 

Сұрақ:Медициналық ұйым пациентке медициналық қызмет көрсетуді тоқтату туралы хабарлауға міндетті ме?

Жауап:Иә, егер медициналық көмек көрсету тоқтатылса, медициналық ұйымдар тіркелген пациенттерді тұрғылықты жері бойынша жазбаша хабардар етуге міндетті. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартына өзгерістер енгізілген болса, бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын. МСАК ұйымын қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік екі күн ішінде. Қордың медициналық қызметтер көлемін орналастырмағаны туралы белгілі болған күннен бастап екі күнтізбелік күн ішінде. 

Сұрақ:Бекітуден бас тартуы мүмкін бе?

Жауап:Иә. Егер сіздің нақты тұрғылықты жеріңіз сіз тіркелгіңіз келетін емханаға аумақтық тұрғыда жатпаса, бірақ бұл ретте сіз «дәрігерді үйге шақыру» қызметінен бас тартпайсыз. Сізге мобильді бригаданы немесе учаскелік дәрігерді үйге шақырған кезде олар сізге келе алмайды және сізге көмек көрсете алмайды, өйткені сіз олардың қызмет көрсету аймағынан тыс жерде боласыз. Егер сіз бұған келіссеңіз және емхана сізді қабылдауға дайын болса, онда сіз осыған байланысты барлық тәуекелдерді өз жауапкершілігіңізге аласыз.

Балалар тіркелген жағдайда заңды өкілдігін растайтын құжаттың болмауы немесе пациент мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе олардағы деректердің/мәліметтердің дәйексіздігін анықтау бас тарту үшін негіз бола алады. Сондай-ақ тіркелген халық санының бір жалпы практика дәрігеріне аралас халықтан 1 700 адам, учаскелік терапевт 2 200 адам, учаскелік педиатр 0-ден 6 жасқа дейінгі 500 бала, 0-ден 14 жасқа дейінгі 900 бала асып кету себебінен бас тартуы мүмкін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған