Нақты сұраққа – нақты жауап

42 қаралу саны

Жиі қойылатын сұрақ:

Мен үйде бір жасар баламен отырамын, жұмыс істемеймін. Жарналарды қалай төлей аламын?

Жауап:

Баланың үш жасқа дейінгі күтімі бойынша жұмыс істемейтін азаматтар (олар баланың заңды өкілдерінің бірі болып табылады) 15 артықшылықты санаттың біріне кіреді. Мұндай азаматтардың жарналары мемлекет есебінен төленеді. Яғни сізге медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясындағы көмек пен МӘМС пакетіндегі медициналық қызметтер қолжетімді.⠀

Егер жүйеде мәртебеңіз «Сақтандырылмаған» болса, «Qoldau 24/7» қосымшасына өтініш жібере аласыз. Қор Сізге артықшылықты мәртебе берілмеуінің себептерін анықтағанша, уақытша «сақтандырылған» мәртебесі беріледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған