Нақты сұраққа – нақты жауап

Фото: Adobe Stock
103 қаралу саны

Сұрақ: Мен үш баланың анасымын. Ажырасқанмын. Алимент алмаймын. Тұрақты жұмысым жоқ. Анда-санда қосымша жұмыстар болады. Мұндай жағдайда МӘМС-пен қалай болады?

Жауап: Балаларыңыз 18 жасқа толғанға дейін олар үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жарналарын мемлекет төлейді. Сондай-ақ, егер сіз жұмыссыз қалсаңыз және 3 жасқа дейінгі бала күтімі демалысында болсаңыз, онда мемлекет сіз үшін де міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар төлейді.⠀

Басқа жағдайларда, медициналық көмек алу мүмкіндігін сақтау үшін сізге:

а) Тұрғылықты жеріңіздегі жұмыспен қамту орталығына хабарласыңыз, онда сізге біліктілік пен жұмыс тәжірибеңізге сәйкес жұмысқа орналасу нұсқалары ұсынылады. Егер ұсынылған жұмыстар сізге сәйкес келмесе, онда сіз жұмыссыз мәртебесін аласыз. Бұл жағдайда мемлекет сіз үшін МӘМС-ке жарналар төлеу бойынша міндеттемелерді өз мойнына алады.⠀

б) Сонымен қатар, сіз медициналық сақтандыру қорына ай сайын ең төменгі жалақының 5% мөлшерінде салым жасай аласыз – 2125 теңге (2020 жылы). Төлемді екінші деңгейлі банк (немесе касса 24, kaspi.kz мобильді қосымшасы, Қазпошта кеңселері) арқылы жасауға болады.

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған