Мобильді бригадалар және олардың қызметі

93 қаралу саны

Емханалар мен отбасылық амбулатория жанынан уақытша Мобильді бригадалар құрылады.

1 мобильді бригада 5 мыңнан аса адамға арналған.

Науқас мобильді топқа жұмыс күндері 8.00-ден 18.00-ге дейін қоңырау шала алады. Ал 18:00-ден кейін және демалыс, мереке күндері 103 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Мобильді топ құрамына дәрігер немесе медбике кіреді. Аурудың айқын белгілері болған жағдайда арнайы маман болады.⠀

Мобильді бригадалар халыққа мынандай қызметтер көрсетеді:

  • науқасты тексеру, оның жағдайын бағалау;
  • COVID-19 күдікті науқастарды жедел ПТР-тестілеу;
  • көрсеткіштер бойынша рентгенографияға немесе компьютерлік томографияға жолдама беру;
  • қандағы оттегімен қанықтыру 93% төмендеген жағдайда импульстік оксиметрияны жүргізу, қажетті маманмен аудио немесе видео кеңес беруді ұйымдастыру;
  • «Коронавирустық инфекция COVID-19» диагнозы мен емі үшін клиникалық хаттамаға сәйкес дәрі-дәрмектерді тағайындау;
  • үйде емдеу немесе стационарға жатқызу туралы мәселені шешу.

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған