Миды тынықтырып тұру керек

29 қаралу саны

Адамның бүкіл іс-әрекетін басқаратындықтан миды, ми тамырларын әр кезде тынықтырып тұрған дұрыс. Мына амалдар тиімді:

  • Ми тамырларын жаңғақ, мандарин және мейіз арқылы тазартуға болады. Бірақ емді тұрақты түрде, шыдамдылықпен, ұзақ уақыт жүргізу керек. Ем тәртібі мынадай:
  • Күн сайын таңертең 1 мандарин, 1 шымшым мейіз, 3 жаңғақ желінеді. Осындай мөлшерде, осындай кезек, тәртіппен. Одан кейін 20 минут бойы ештеңе ішіп-жеуге болмайды. Кейін салқын су ішуге, сосын барып тамақтануға рұқсат. Курс – 3 ай шамасы, жарты жыл ішуге де болады. Жүйелі түрде жасаған жөн.
  • Мынадай да дәрмек жасауға болады: бірдей мөлшерде бал, зәйтүн майы, лимон шырынын араластырып, күнде таңертең ашқарынға 1 шай қасықтан ішеді.
  • Сарымсақты да осы мақсатқа пайдалануға болады екен. Дайындау әдісі: 1 түйір сарымсақты езіп, үстіне тазартылмаған күнбағыс майын құяды да, тоңазытқышқа қояды. Ертеңіне 1 лимонды езіп, шырынын алады. Сосын лимон шырынының 1 шай қасығына 1 шай қасық сарымсақ тұнбасын қосып ішеді. Тамақтан 30 минут бұрын, күніне 3 рет ішу керек. Емделу курсы – 1 – 3 ай. Үзіліс жасап, қайта жалғастырады.
  • Әрқайсысы 100 грамнан түймедақты, шайшөп (зверобой), салаубас (бессмерт¬ник) қайың бүршіктерін уақтап араластырыңыз. Сосын осы қоспадан 1 ас қасығын ыдысқа салып, үстінен жарты литр қайнаған су құйыңыз. 20 минут тұндырып, сүзіп әрі сығып алыңыз. Түнде ұйқыға жатарда тұнбаның 1 стаканына 1 шай қасық әсел (бал) мен 1 тамшы лавр майын (дәріханада бар) қосып ішіп жіберіңіз. Ескерту: одан кейін ештеңе жеп-ішуге болмайды.
  • Қалғанын таңертең су моншасында жылытып (қайнатуға болмайды), 1 шай қасық бал мен 1 тамшы лавр майын таңғы тамақтан 20 минут бұрын ішіп жіберіңіз. Флакондағы лавр майы таусылғанша күн сайын осылай етіңіз. 1–1,5 айдан соң-ақ нәтиже көресіз. Ми тамырлары тазарып, нығаяды, ағзада зат алмасуы күшейіп, ол тазарады.
  • Мұндай емге қарағай инелерін, қылқанжапырағын да пайдалануға болады. Ол бүйрек, жүрек, тамыр ауруларына, көз жүйесінің семуіне, құрыспаға қарсы да жақсы ем. Дәрмекті былай жасайды:
  • Қарағайдан 5 ас қасық, 2 ас қасық уатылған итмұрын жемісі, 2 ас қасық пияз қабығын ыдысқа салып, үстінен 1 литр су құйып, қайнатады. Жылы орап, түні бойы тұндырып қояды. Күніне 0,5 – 1 литрден жылыдай ішу керек деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. (Пияз қабығын қоспаса да болады).
  • Қарағаш инелерін қыста жинаған жақсы. Мұндай дәрмекті инсульт кезінде күніне 2 лимонмен бірге (әр ішкенде жарты лимоннан қосып) қабылдау керек. Лимонды қабығынан аршып, тұнбаға қосып, демалмай ішіп жіберу керек. Тамақтан 1 сағат бұрын немесе 1 сағат кейін ішкен абзал. Лимонды 2 апта бойы бөліп ішеді. Ауыр жағдайларда оны 3 апта қабылдайды. Емді 2-3 апта үзіліс жасап, қайталау керек.

Дереккөз: «Ауырмаңыз!» газеті

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған