Менингит: негізгі белгілері және алдын алу жолдары

79 қаралу саны

Менингит – бас миы қабықтарының серозды қабыну түрi бойынша өтетiн және вирусты инфекция тудыратын қабынуы. Қоздырғышы граммтеріс диплококк, менингококк.

Менингиттің қоздырғышы тыныс алу, жөтелу кезінде,сөйлегенде және түшкіргенде ауа арқылы таралады. Сондай-ақ, инфекцияның сүйiскен кезде сілекей арқылы, ортақ ыдысты қолданған кезде берілуі мүмкін. Осылайша, кеңсірікке түскен менингококк жұлынға, қан айналым жүйесіне еніп кетеді. Осы науқасқа шалдыққан адам менингитті таратудың бірден-бір көзі болып табылады.

«Менингит өз алдына жеке ауру болуы,сондай-ақ кейбір жарақаттардың, іріңді аурулардың, құрт ауруы, тұмау, іш сүзегі, көптеген жұқпалы аурулардың асқынуынан да болуы мүмкін» дейді ҚДСҰО инфекциялық аурулардың профилактикасы департаменті инфекциялық және паразиттік аурулардың мониторингі және талдау бөлімінің басшысы Қанат Текебаев.

Негізгі белгілері

Ауру жұқтырғаннан кейін 2-10 тәулік аралығында инкубациялық кезең басталады. Менингиттің тұрақты және негізгі белгілері: бастың ауыруы, лоқсып құсу, ауыздың құрғауы, дене қызуының көтерілуі, өңнің бозаруы, дауыстың қарлығуы, науқастың денесінде қызғылт түсті бөртпенбелгің пайда болуы. Егер бөртпе бір күн ішінде қайта жойылса микробтар қанға түсті деген сөз. Мойынның қозғалуы қиындайды, науқас шатасып сөйлей бастайды, есінен танады. Ішкен тамағын құсады, тахикардия басталады.

Менингит, әсіресе кеш емделген менингит ауыр салдарға: керең болып қалуға, эпилепсияғагидроцефалияға және балалардың ақыл-ой қабілетінің дамуындағы проблемаларға, сондай-ақ өлімге әкелуі мүмкін.

Менингит жиі байқалатын кезең –  күз бен қыс айлары.

Профилактика

Спецификалық профилактика – бұл вакцинациялау.

Вакцинациялау менингитке әкелетін бірқатар аурулардың алдын алады. Бұл ауруға қарсы екпені әдетте, ерте жастағы балаларға салады.

Спецификалық емес профилактика

  • Иммунитетті жоғарылату, дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, уақытылы ұйықтау және т.б.
  • Ғимараттарды жиі желдетіп, ұжымдық орындарда ылғал шүберекпен тазарту жүргізу.
  • Созылмалы және жедел жұқпалы ауруларды уақтылы емдеу.
  • Түрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларға, жүзу бассейндері, сауда ойын-сауық орталық­та­рындағы ойын алаңдарына баруды шектеу.
  • Жеке бас гигиенасын сақтау қажет. Қолды әрдайым таза ұстау керек, кез келген азық-түлікті пайдаланардан бұрын жақсылап жуу қажет.

Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде катаралдық құбылыстар (тамақтың қызаруы, дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, әлсіздік) байқалады. Тез арада дәрігерге көріну керек және оның барлық ұсыныстарын орындаған дұрыс.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған