Мемлекеттік аурухана сізді анық алдап кетсе, не істеу керек?

24  211 қаралу саны

Айталық, сіздің диагнозыңыз УДЗ/рентген/КТ өтуді қажет етеді, ал сізге мемлекеттік ауруханада: «Кешіріңіз, бізде мұндай қызмет жоқ» дейді. Сізге тағайындалған тегін дәрі-дәрмектер де қол жетімді болмай шығады.  Мұндай жағдайларда қалай әрекет ету керек?

Сонымен, мемлекеттік ауруханада сізге тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі немесе МӘМС талап ететін қызмет көрсетуден (бұл мекемедегі медициналық қызметтердің тізімі ресми түрде жарияланғанына қарамастан) бас тартады. Бірақ сонымен бірге олар жақсы кеңестерімен бөліседі: жақын жерде, жеке орталықта сіз барлық анализдерді тез жасай аласыз дейді. Ақша төлеп, әрине.

Өкінішке орай, мұндай жағдайлар Қазақстанда сирек кездеседі дей алмаймыз және бұл құбылыстың басты себебі – жемқорлық. Бірақ бұл біздің азаматтарының ештеңені түзете алмайтынын білдірмейді ғой!

Естеріңізге сала кетейік, ауруханалар мен емханаларды облыстық денсаулық сақтау басқармалары басқарады, ал олар өз кезегінде әкімдіктерге бағынады.  Денсаулық сақтау басқармасы және бас дәрігерлердің көпшілігі адал адамдар екендігіне сенімдіміз, бірақ ауруханадағы 1-2 жемқор шенеунік мемлекеттік медицина идеясын жоққа шығаруға жетіп-ақ жатыр.

Шағымды қайда жіберу керек?

Бұл мәселені жою үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қарайтын Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті жұмыс істейді. Комитет өзінің басқа міндеттері қатарында жемқор шенеуніктердің істерін прокуратураға тапсырады.

Бас  дәрігерлер, олардан соң бөлім бастықтары дәл осы комитеттен (ТҚСҚБК) қорқады. Сонымен, егер сіздің пациенттік құқығыңыз бұзылған болса, жұмыс уақытында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін  бақылау комитетінің байланыс орталығына қоңырау шалыңыз: 8 (7172) 74-34-50, 74-26-48 немесе kkkbtu@dsm.gov.kz мекен-жайына шағым жазыңыз.

Нақты мекен-жайын да есіңізде сақтаңыз: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 10 кіреберіс. Үкіметтің сайтында  парақшасы орналасқан.

Егер сізді МӘМС бойынша медқызметтерден айырған болса, қайда шағымдануға болады?

Егер сіз өзіңіздің құқықтарыңызды жақсы білсеңіз (оларды fms.kz сайтында зерттей аласыз) және сіз МӘМС қызметтерін ұсынудан бас тарту фактісіне тап болсаңыз, толығымен баяндалған шағымды арнайы параққа дереу қалдыруға болады: https://fms.kz/ru/leave-complaint

Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры пациенттерді қорғаушы болып табылады, қор медициналық ұйымдар көрсететін қызметтердің нақтылығына, дұрыстығына және әділдігіне бақылау жасайды. Әр төлем мен шағым тексеріледі. Сондықтан Қор пациенттердің белсенді ұстанымының болғанын қалайды.

Ескерту: иллюстрациялық фотосуреттің хабарлама тақырыбына қатысы жоқ.


Елжан Біртанов: карантин жарияламағанымызда 4,5 мың науқас 8 тәуліктен кейін тіркелер еді

Біз ең басты алты мәселе бойынша министр жауабын қағазға түсіріп, қазақ тілінде оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

Фото дереккөзі: Ainews.kz. Елжан Біртанов: карантин жарияламағанымызда 4,5 мың науқас 8 тәуліктен кейін тіркелер еді

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған