Мектеп медицинасы: қандай қызметтер көрсетіледі және ӘМСҚ қалай қаржыландырады

117 қаралу саны

Қазіргі таңда балалардың денсаулығын сақтау мәселелері және жасөспірімдердің өз еркімен медициналық көмекке жүгіну мүмкіндігі ескерілді. «Мектеп медицинасы» ұғымы заңнамалық түрде жаңа Денсаулық кодексінде бекітілді. Сонымен қатар, психикалық денсаулық сақтау, суицидтік мінез-құлықтың, сондай-ақ құмар ойындардың профилактикасы жөніндегі нормалар реттелді, тәрбие алушылар мен оқушылардың денсаулығын сақтауға ата-аналар мен педагогтарды тарту бойынша нормалар регламенттелді.

2020 жылы қазақстандық медицина толықтай МӘМС форматына көшті, сондықтан бұл жаңашылдық мектеп оқушыларын емдеу секілді әлсіздеу бағытқа әсер ете бастады. Қазір оқушылар мектептерде бастапқы медициналық-санитарлық көмекті толық көлемінде ала алады. Бұдан бөлек, қазақстандық мектептердегі медициналық пункт бала денсаулығындағы кінәратты ерте анықтауда маңызды рөл атқармақ. Ауруды алдын алу – МӘМС жүйесінің маңызды стратегиясы. МӘМС енгізілгенге дейін мектеп медицинасы кешенді жан басына шаққандағы норматив құрылымына кірген, ал енді жеке ұстанымда ұсынылатын болды. Бір ғана мысал. Шымкент қаласының бюджетінен мектеп медицинасына 2020 жылы  1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.

Мектептердің медициналық кабинеттерінде бастапқы көмек және профилактикалық қызметтер көрсетіледі. Мұндағы медицина мамандары автоматандырылған басқару жүйесі арқылы жұмыс істейді. Бірыңғай жүйе арқылы оқушының денсаулық жағдайы туралы жергілікті емханаға хабарлама беріп отырады. Жыл басынан бері барлық білім ұяларындағы медициналық кабинеттер қайта жабдықталды. Мамандар саны да көбейтілуде. Бұл өз кезегінде оқушылардың денсаулығын жақсартып, балалар арасындағы түрлі аурулардың алдын алуға септігін тигізеді. Бөлінген қаржы бойынша мектептегі балалар жыл сайын профилактикалық тексеруден өтеді және оларға стоматологиялық медициналық көмектер тегін көрсетіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған