Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы қаулының жобасы

34 қаралу саны

«Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 669 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі ҚР Кодексіне сәйкес  әзірленді.

Бүгінгі күні лицензиялауды облыстардың, Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларының жергілікті атқарушы органдары объектіге шықпай-ақ бір терезе қағидаты бойынша жүзеге асырады.

 «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес лицензиялау кезінде – лицензия берілгенге дейін лицензиарлар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады.

Алайда, ЖАО-ы рұқсат беру бақылауын жүргізбеді, яғни лицензиаттар нақты қызметке ұсынған мәліметтердің сәйкестігін объективті тексермеді.

Осыған байланысты, «тексерілмеген» лицензиаттарды нарыққа жібермеу мақсатында лицензиялау бойынша құзырет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері атынан  медициналық қызмет көрсету (көмек) саласындағы мемлекеттік органға берілді, олар рұқсат беру бақылауын жүргізетін және  пациенттерге тек тексерілген лицензиаттарды ғана жіберетін болады.

Бұл шараның нәтижесі Қазақстан Республикасының халқына көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру республикалық бюджет есебінен қосымша қаражат шығынан талап етпейді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

Қаулының жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін жарияланды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/documents/details/64643?lang=ru

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған