Медициналық сақтандыру есебінен кімдер ПТР-тестілеуден өтеді

63 қаралу саны

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасы Болат Төкежанов ПТР-тестілеуден өтуге қатысты түсінік берді.

«ПТР-тестілеу, яғни коронавирус инфекциясына тексеруден өту медициналық көрсеткіштер бойынша ЖРВИ белгілері мен вирусты пневмония болғанда Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі есебінен жүргізіледі. Пациенттердің жеке санаттарына, яғни ауруханаға жоспарлы жатқызу, емдеуге жатқызғанға дейінгі тексеруде ПТР-тестілеу Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры активтері есебінен төленеді» деп түсіндірді Төкежанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, мобильді бригаданы шақыру кезінде көрсеткіштер бойынша ПТР-тестілеуді жүргізу ақысыз жасалады. «Жалпы, биылғы наурыздан шілде айы аралығында жарты миллионға жуық ПТР-зерттеу жүргізіліп, оның барлығы медициналық сақтандыру қаржысы есебінен өтелді» деді Болат Төкежанов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған